Шақыртумен келген шетелдік ғалым

2022 жылдың 1-ші желтоқсан күні Yessenov University, «Ғылым және технологиялар» факультетінің «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасына Украина елінен Мариуполь мемлекеттік университетінен техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мартынюк Анна Вадимовна атты шетелдік ғалым шақырумен келді. Ол Мариуполь мемлекеттік университетінде «Жүйелік талдау және ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті қызметін атқарады.

01.12.2022 ж — 27.12.2022 ж. аралығында «Ғылым және технологиялар» факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған сабақтар, жас ғалымдар мен докторанттарға арналған оқыту тренингтері мен семинарлар өткізетін болады. Сонымен қатар, А. В. Мартынюк кафедраның оқытушыларымен және жас ғалымдарымен бірлесіп жарияланымдар дайындау және гранттық бағдарламаларға қатысу үшін ұсыныстар дайындау үшін тығыз жұмыс істейтін болады.

Leave a Reply