жұмыс беруші пікірі

Қалиева Э.И.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры

Мен жұмыс беруші өкіл ретінде «Педагогикалық технологиялар» кафедрасының «Педагогика және психология», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» атты мамандықтарының білім беру бағдарламасымен танысып шықтым. Кафедра екі мамандық бойынша да бакалавр және магистратура, сонымен қоса «Педагогика және психология» докторантурасын заманауи талаптарға сай жүргізіп келеді. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің, студенттердің ұсыныстарын да толықтай қамтыған. Бұл мамандықтарды бітірген түлектері жан-жақты, креативті, рухани жан-дүниесі бай тұлға болып шығатындарына сенімдімін. Ұжымға сәттілік тілеймін!

оқытушының пікірі

Буюклиев Н.П.
Черноризца Храбра атындағы Варна Еркін университеті профессоры, Болгария Республикасы

Шетелдік оқытушы ретінде, өз атымнан кафедраның жұмысы болашақ мамандардың арасында педагогикалық білімді өмірмен байланыстыруға, студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға, кәсіби құзіреттілікті, ұтқырлық пен шығармашылықты дамытуға бағытталғандығын қуанышпен атап өткім келеді. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының ғылыми басымдықтары олардың барлық проблемаларға деген көзқарастарының кең шеңберін қамтиды.  Бұл меніңше, жоғары білікті кадрларды дайындаудың қисынды дәйектілігі сақталған деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

түлек пікірі

Жансая Қуатқызы
Yessenov University, «Педагогикалық технлогиялар» кафедрасы оқытушысы, 2017 жылғы түлек

Есенов университетінде оқыған кезімде  үлкен өмірге қадам бастаған кезім болды. Ол кездерді өмірдің ең қызықты кездері десем де қателеспес едім. Қызықпен қатар әртүрлі ғылымдарды білуге деген құлшыныс керемет болды. Көптеген білікті оқытушылардың дұрыс бағыттай білуімен өзіме не қажет екенін ұғындым десем де болады. Қазіргі кезде университет жағымды өзгерістерге ұшырауда. Менің ойымша Yessenov University студенттер үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашады деп  ойлаймын. Мен болашағымды осы университетпен байланыстырдым.

жұмыс беруші пікірі

Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы
Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беру орта мектебі" КММ директоры

Мен жұмыс беруші есебінде мектепке білікті мамандарды тарту- білім сапасын көтерудің басты  негізі деп есептеймін. Сондықтан жергілікті Ш Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг  университетімен, мектебімізде іс-тәжірибеден өту үшін «Қазақ филологиясы» кафедрасымен үнемі іскерлік қатынастамыз. Кафедра мамандар даярлау ісінде әрдайым сапалы білім,саналы тәрбие беруде жоғары көрсеткіштермен көрінуде. Білімалушылар үшін заманауи үлгідегі аудиториялар ашылған, ғылыми әлеуеті жоғары профессор-оқытушылары үнемі сапалы оқыту әдістерін жүргізуде.

оқытушының пікірі

Орхан Сөйлемез
Түркия Республикасы Кастамони университетінің профессоры

«Қазақ филологиясы» кафедрасы Университет көлемінде ғылыми әлеуеті жоғары кафедра ретінде  ғылыми, әдістемелік, тәрбие жұмысы толық жолға қойылған, аймақтық қана емес, республикалық деңгейде мойындалған білім беру, маман дайындау, мемлекеттік тілді дамыту орталығына айналып отыр деуге болады. Халықаралық ынтымақтастық жөнінде Келісім шарт жасасқан өзге шетелдік оқу орындарының қатарында Түркия Республикасы Кастамони университетімен халықаралық ынтымақтастық жөнінде Келісім шарт жасалды.  «Қазақ филологиясы» кафедрасы жаһандық білім беру стандарттарының басты талаптарына сай сапалы білім беру, саналы тәрбие, білікті ғылыми кадрларды дайындау ісінде, әсіресе қазақ  тілін мамандықты игерту құралы, ғылыми білім тілі ретінде танытуда алдағы уақыттарда жоғары нәтижелерден көріне беретініне сенімдімін.

түлек пікірі

Талысова Айгүл
Университет 2008 ж. түлегі

Мен, Талысова Айгүл, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар университетін 2008 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірдім. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұстаздары бізге білім берумен қатар, нағыз ұстаздың үлгісін көрсете алды. Кураторым,  аяулы ұстазым Отарова Ақмарал апай, Аяпбергенов Рахмет ағай (марқұм), Қабылов Әділет ағай, Дүйсенбаева Жанбибі апай, Нұрдәулетова Бибайша, Көшімова Бибатпа, Әбішева Шарапат апайлар сынды нағыз өз ісінің майталман мамандары, әрі осындай ізгі Һәм парасатты тұлғалардың алдынан өтіп, білім алғанымды мақтан етемін. Ұстаздарымыз берген терең білім мен олар нұсқаған бағытты ұстанған мен өмір жолында адаспадым. Жақсы қызметке тұрдым, өмірден орнымды таптым, ары қарай да менің университетім берген білім мен тәлім-тәрбиені егіз ұстап, өз еліме, Отаныма қызмет етуге әрқашан дайынмын.

шетелдік ғалымның пікірі

Ширяева Т.А.
Пятигорск Мемлекеттік Лингвистикалық Университетінің филология ғылымдарының кандидаты, к.ф.н., доцент

Академиялық ұтқырлық аясында, мені университет басшылығы «Ағылшын филологиясы» кафедрасына шақырды. Мен өз әсеріммен бөліскім келеді.
Шет тілдерін оқыту саласында, оқу үрдісімен зерттеулерді қамтамасыз ету кафедраның нақты мақсатымен сәйкес келеді. Кафедрада жоғары деңгейлі тілдік оқытушылар жұмыс істейді. Қазахстанда көптеген адамдар Есенов қоры арқылы тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырды және халықаралық сертификаттар алды.

түлек пікірі

Конырбаева Айгүл Жадырасынқызы
1998 жылы «Шет тілі: және екі шет тілі» мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы Ақтау қалалық университетін бітірді. Қазіргі таңда «Арман» бірлескен кәсіорны» ЖШС-да персоналды басқару маманы ретінде жұмыс істейді.

«Ағылшын филологиясы» кафедрасы кешегі оқушылардың арманының шегі болып табылады. Мұндай кафедрада бірнеше тілді терең меңгеруге болады: Ағылшын, негізгі және екінші тіл ретінде таңдау бойынша.
Мен «Шет тілі:екі шет тілі мамандығын бітірсемде, қазір аудармашы болып жұмыс істеуіме еш кедергі тудырғын жоқ.  Менің міндетіме, әдетте, мәтіндерді бір тілден екінші тілге аудару кіреді. Мен шетелдіктермен жұмыс істейтін ұйымға әрдайым коммуникацияның тиімді үрдісін қамтамасыз ететін мамандар қажет.

жұмыс беруші пікірі

Муханова Ж.Б.
№28 ЖББ орта мектеп директоры

Мен жұмыс беруші өкіл ретінде 6В01506-География білім беру бағдарламасымен танысып шықтым. 6В01506-География білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты —  фундаменталды, жаратылыстану-ғылыми және ақпараттық білімі бар жоғары білікті мамандарды орта оқу орындарында оқу үрдісін педагогикалық қолдауды жүзеге асыру ғылыми және инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз және жүйелі түрде оқытуға арналған. 6В01506-География білім беру бағдарламасы сауатты және заманауи талаптарға сәйкес құрастырылған деп білемін.

Кенжебекова Дина Тілекбайқызы
Мұнайлы ауданы № 8 орта мектеп директоры

6В01505-Биология білім беру бағдарламасы білім беру саласында жоғары білімді бәсекеге қабілетті креативті кәсіби педагог кадрларды дайындауға үлес қосады. Кафедранын білікті,өз істерін шебер меңгерген профессор-оқытушылар құрамы білім беру мекемелерін жыл сайын жаңа түлектермен толықтыруда.Бағдарлама түлектеріне кәсіби қалыптасу жолында сәттілік тілеймін!

түлек пікірі

Дүйсенова Нұржауған Ыбырайымқызы
БжҒК ҒК “ Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бақ” РМК «Гүлді өсімдіктер» зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к.

6В01505- «Биология» білім беру бағдарламасы білім беру  саласында жоғары білімді бәсекеге қабілетті, креативті кәсіби педагог кадрларды дайындайды. Университет профессор-оқытушылар құрамының көпжылдық тәжірибесі мен өз ісіне шынайы берілгендігі сіздің жаңа студенттеріңіздің рухани және интеллектуалдық деңгейін одан әрі дамытуға қызмет етеді деп үміттенемін. Сонымен қатар, университеттің жаңа студенттеріне айтқым келеді: Сіз лайықты оқу орнын таңдадыңыз, сіздердің кәсіби қалыптасуларыңызға сәттілік тілеймін!

Қыстаубаев Дархан
Құланды орта мектебінің директоры. 2010 жылғы түлек

Мен Ш.Есенов атындағы КМТИУ оқып білім алғаныма шын жүректен қуаныштымын. Маған білім беріп, кәсіби маман болып қалыптасуыма ат салысқан университеттің  профессорлық- оқытушылық құрамына  алғыс айтамын. Сонымен қатар  өмір жолымда жеке тұлға болып қалыптасуыма мүмкіндіктер мен жағдай жасаған университтетің әкімшілік басқарушылық құрамынада рахмет айтамын.

шетелдік ғалымның пікірі

Царегородцева Светлана Сергеевна (Кырым, Ялта)

2011-2013 жылдары Ш. Есенов атындағы КМТИУ-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жұмыс істей отырып, мен өзім үшін көрікті Батыс Қазақстанның қасиетті және орасан зор экономикалық әлеуетін аштым. Қазіргі уақытта тілдік пәндерді оқыту — бұл «төменне баспалдақпен жоғары қарай» жүру. Бірақ «Орыс филологиясы» кафедрасының мықты ұжымы әрдайым «баспалдақпен жоғары қарай жүрді», сонымен қатар студенттерді өздерімен бірге алып жүрді.

Александр Киклевич
филология ғылымдарының докторы, профессор (Ольштын, Польша)

Мен «Орыс филологиясы» кафедрасының қызметкерлерінің ұжымы дайындаған орыс тілі бойынша білім беру бағдарламасымен мұқият таныстым. Бағдарлама мұқият ойластырылған. Ол жүйелік университеттік білім беру принципіне сәйкес келеді және филологиялық және жалпы білім беру циклінің пәндерін (философия, әлеуметтану, психология, саясаттану, мәдениеттану сияқты),  филологиялық білімнің маңызды салаларын қамтиды, теориялық және практикалық деңгейде оқытуды көздейді. Бағдарлама заманауи талаптарға сай екендігіне күмәнім жоқ.

түлек пікірі

Танатаров Рустем Танатарович
атақты жүргізуші және ұйымдастырушы

«Мен 1999 жылы «орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі. Көріп отырғаныңыздай, мамандық бойынша жұмыс жасамаймын, бірақ ЖОО-да оқыған жылдары алған дағдыларды қолданамын.
Бір қызығы, біздің топтың 10 студентінің ішінде білім беру жүйесінде барлығы 6 адам еңбек етеді. Қалған төртеуі-шоумен, кәсіпкер, аудармашы және архивариус. Және барлық жерде базалық құзыреттіліктер көмектеседі – коммуникацияны құра білу, сауатты жазу және мәтіндермен жұмыс істей білу.
Мен көріп отырғанымдай, мамандық бағдарламасы жақсы жаққа да өзгеріске ұшырады. Педагогикалық құзыреттілікті дамытатын пәндер ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік дағдылар да енгізілген, бұл қазіргі уақытта өте маңызды. «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының түлегі өзі таңдаған кез келген салада табысқа жетеді деп сеніммен айта аламын!»

Жұмыс беруші пікірі

Тілекбаева Айнұр Амангелдиевна
«Қазақстан тарихы» кафедрасы № 22 С.Қондыбай атындағы мектеп директорының инновация жөніндегі орынбасары

Университетте оқыған бес жылда мен үшін  қызығы мен қиындығы мол жылдар болды. Yessenov Universiti   тек жоғары  деңгейде  білім берумен  қатар тәжірибе барысында  ұйымдастырушылық қабілетімізді және коммуникативтік құзіреттіліктерді меңгертті, іскерлік қабілетімізді жетілдірді, сонымен қатар ұйымда  құжаттармен жұмыс жасауды үйретті.
Кафедраның білікті мамандарының арқасында өзімнің кәсіби қызметім мен шеберлігімді  айқын меңгердім деп айта аламын. Өзімді кәсіби маман ретінде сеніммен дұрыс таңдау жасадым деп есептеймін.

түлек пікірі

Досқалиева Гаухар Жылқыбайқызы
№ 29 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі 2005 жылғы түлек

Университетте оқыған бес жылда мен үшін  қызығы мен қиындығы мол жылдар болды. Yessenov Universiti   тек жоғары  деңгейде  білім берумен  қатар тәжірибе барысында  ұйымдастырушылық қабілетімізді және коммуникативтік құзіреттіліктерді меңгертті, іскерлік қабілетімізді жетілдірді, сонымен қатар ұйымда  құжаттармен жұмыс жасауды үйретті.
Кафедраның білікті мамандарының арқасында өзімнің кәсіби қызметім мен шеберлігімді  айқын меңгердім деп айта аламын. Өзімді кәсіби маман ретінде сеніммен дұрыс таңдау жасадым деп есептеймін.

жұмыс беруші пікірі

Куразова Зауреш Жауынбаевна
Ақтау қаласындағы № 11 мамандандырылған физика- математикалық мектебінің директоры

Білім беру саласындағы озық технологиялар болашақ мұғалімдердің ойлау стилі мен әдіснамасына айтарлықтай өзгерістер әкелетінін ескере отырып, біз атындағы Ш.Есенов Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің «Іргелі ғылымдары» кафедрасымен тығыз байланыста жұмыс жасап отырмыз..
Өзім басшылық ететін мектепте математика, физика, информатика пәндерінің оқытылуы жоғары деңгейде жүргізіліп келеді.  Аталған кафедранның профессор оқытушылар құрасы заман талаптарына, оқу бағдарламаларындағы өзгерістерге сай жаңа технологияларды оқытып, үнемі жетілдіру үстінде жұмыстанып келе жатқан терең білім, білікті тұлғасымен дараланып тұрған кәсіби мамандар.
Болашақта еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, өркениет көшінің басында тұрар осындай жалынды жастарға сапалы білім беріп отырған кафедра ұжымымен өзара әріптестік қатынаста болып, әдістемелік жұмыстарымызды кеңейте береміз деген сенімдемін.

Жүзбергенов Самат Қанатұлы
С. Қондыбай атындағы жалпы білім беру орта мектебінің директоры

Ең алдымен қазіргі таңда ел арасында «Yessenov University» атымен танымалдығына куәміз, екіншіден жыл санап контингент санының артып отырғанына ел куә, үшіншіден бітіруші түлектердің басым бөлігі делік жұмыспен қамтылып, өздерінің құзіретті маман екендіктерін көрсетіп келеді. Студенттерге дәріс беретін университет мұғалімдері мен оқытушы-профессорларының тәжірибесі, ғылым жолындағы еңберкері Қазақстанға танымалдылығы жағынан кенде емес. Аталған оқытушылардан тәлім-тәрбие алған мыңдаған студенттердің білім мен ғылым жолындағы жетістіктері дәлел. Yessenov University ұжымына сәттілік!

түлек пікірі

Примбетова Гульжан Серикбаевна
п.ғ.к., «Туран» университетінің оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы (Алматы қ.), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»

6В01501-Математика білім беру бағдарламасы  ғылымның, өндірістің, ақпараттық технологиялардың, қаржы институттарының және басқарудың барлық салаларында сұранысқа ие математик маманды дайындауға, сондай-ақ өлкемізде осы салада кадр жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Университеттің көпжылдық тәжірибесі бар профессор-оқытушылар құрамы сіздің болашақ білім алушыларыңыздың  рухани және интеллектуалдық деңгейін одан әрі дамытуға зор үлес қосатындығына сенімдімін. Осы университет түлегі ретінде студент атанып отырған жастарға айтарым: Сіз лайықты оқу орнын таңдадыңыз, сіздің кәсіби қалыптасуыңызда сәттілік тілейміз!

Демегенов Бауыржан
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Педагогика факультеті, «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының магистрі.

7М01502-Физика білім беру бағдарламасы білім беру және ғылым саласында заманауи физика және педагогика ғылымдарын жақсы меңгерген мамандарды даярлайды. Біздің университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы көпжылдық тәжірибелерімен бөлісе отырып, бәсекеге қабілетті кадр даярлауда жақсы жетістіктерге жетті. Қазіргі уақыт білім талабына сәйкес педагог мамандар жан-жақты, өзін-өзі дамыта алатын, креативті болуы тиіс. Біздің университетімізде білім алушы түлектердің  бойынан осы қасиеттер табылады деп ойлаймын. Сонымен қатар, «Yessenov University» түсуші талапкерлерге: «Талаптыға-нұр жауар» сәттілік тілеймін! Алатын асулар алда!!!