«Іргелі ғылымдар» кафедрасының жетістіктері

5 қазан — Ұстаздар күніне орай «Іргелі ғылымдар» кафедрасының ұстаздары университет президенті Б.Б. Ахметовтың құрмет грамотасымен марапатталды:

1) қауымдастырылған профессор м.а., доцент Таймуратова Л.У.

2) қауымдастырылған профессор м.а., доцент Калиева Г.А.

31.10.2023 күні Ақтау қаласындағы Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық прогрессия” облыстық байқауында оза шауып, 1 орынды иеленген біздің студенттер мен магистранттар:

1) Раймов Айбек — 7М01501-Математика БББ магистранты;

2) Қойшыбай Ербол  — 7М01501-Математика БББ магистранты;

3) Кубейев Бауыржан —  6В01501- Математика БББ студенті.

25 қазан-Республика күні мерекесі қарсаңында кафедрамыздың ұстаздары: Г.Н. Нигметова — “Ақтау қаласына 60 жыл” мерекелік медалімен, А.Ж. Касаева — ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің құрмет грамотасымен, Б.К. Казбекова — YU президентінің құрмет грамотасымен марапатталды.

. 2022-2023 оқу жылында Сулейман Демирель атындағы университетте өткен «6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бағыты бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XV Республикалық пән олимпиадасында  командалық есепте 1 орын алған студенттер:

1) Кубейев Бауыржан Серикулы, 6В01501-Математика БББ, 4 курс;

2) Жумабаев Бексұлтан Ахматұлы, 6В01501-Математика БББ, 4 курс;

3) Ситешев Бекзат Мәлікұлы, 6В01501-Математика БББ, 3 курс;

 

Жетекшісі: Кулжагарова Базаргуль Табылгановна – «Іргелі ғылымдар» кафедрасының профессор м.а., ф.-м.ғ.к.

ҚР Президентінің стипендиясы

2022-2023 оқу жылында «Іргелі ғылымдар» кафедрасы бойынша 6В01502-Физика БББ 4 курс студенттері Булекбаева Гүлсая Ержановна және Шәудірбай Аяужан Қайратқызы  ҚР Президентінің стипендиясын  иеленді.

6В01502-Физика БББ күндізгі бөлімінде оқитын төменде аталған бітіруші курс студенттері 2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде Adam Mickiewicz University (Польша) жоғары оқу орнына 01.10.2023-18.02.2024 аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жіберілетін студенттер:

1) Бейбітова Дана Рақымжанқызы;

2) Шәудірбай Аяужан Қайратқызы.

Маусымашар-2023

2023 жылы 3  мамырда Yessenov University қалалық лигасынының финалдық ойынында “Yustaz” құрамасы жеңімпаз болып, чемпион атанды. Құраманың негізгі ойыншылары “Іргелі ғылымдар” кафедрасының көңілді де, тапқыр, мықты студенттері.  Кубокке қатысқан командаларды «Юнион» жоғары студенттер кеңесі президенті 6В01501-Математика БББ, 4 курс студенттері Е. Әлібек және Аруов Қ. Команда осы жылдың ақпан айының басында Республикалық “Жайдарман” ойынының Маусымашар-2023 іріктеу кезеңіне қатысып, Nomad көшпелі лигасына жолдама алды. Жігіттерге сәттілік!

2022-2023 оқу жылында «Іргелі ғылымдар» кафедрасының профессоры м.а., п.ғ.к. Әсет Бекболатұлы Туркменбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Әсет Бекболатұлы Туркменбаев
Білім күні

«Іргелі ғылымдар» кафедрасының профессоры, университетімізде 25 жылдан астам уақыт аянбай еңбек етіп келе жатқан, физика-математика ғылымдарының кандидаты Кулжагарова Базаргуль Табылгановна 1 қыркүйек — Білім күні мерекесінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.

2022-2023 оқу жылы бойынша Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсынан 7М01501-Математика білім беру бағдарламасының магистранты Ауданов Махсет 1 орынға ие болды. Тақырыбы: Стереометрия курсын оқыту барысында «Geogebra» бағдарламасын қолдану әдістемесі.  Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., профессор м.а. Кощанова Г.Р.

«Geogebra»