«Тағылым» бірлестігі
«Тағылым» бірлестігінің мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру, университет деңгейінде танымдық, тәрбиелік шаралар ұйымдастыру. Білім алушыларды әдеби, мәдени, тілдік бағыттағы түрлі жарыс-сайыстарға дайындауда бірлестіктің рөлі зор. Бірлестік жұмысы теориялық та, тәжірибелік те бағытта жүргізіледі. Бірлестік жетекшісі – «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы.