«Компьютерлік ғылымдар» кафедрасы

«Huawei зертханасы»

«Huawei зертханасы» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында – оқытудың соңғы технологияларымен жоғары білікті мамандарды дайындайды, мұғалімдердің біліктілігін арттырады. «Huawei зертханасы» ICT Academy студенттерге Huawei АКТ өнімдері мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді және ақпараттық және коммуникациялық технологияларды сертификаттау бағдарламалары арқылы дарындылықты дамытуға ықпал етеді.

Академияда біз инфокоммуникациялық желілердің құрылысын және олардың заманауи стандарттарын, сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздікті зерттейміз.

Мамандығыңызға қарай жасанды интеллект және бұлттық технологиялар сияқты келешегі зор курстардың көбірек санын таңдай аласыз.

«Huawei» оқу курсын сәтті аяқтағаннан кейін студенттер халықаралық сертификат алу үшін емтихан тапсыра алады. Әлемдік деңгейде мойындалған сертификат жас мамандарға Қазақстандық және шетелдік компанияларда әрі қарай жұмысқа орналасу үшін қосымша мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді.

«Сisco зертханасы»

«Cisco зертханасы» желі периметрі, шлюз құрылғылары мен соңғы станциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін CISCO жабдығын конфигурациялау бойынша практикалық оқыту үшін қолданылады. CISCO зертханасының мақсаты – соңғы желілік қауіпсіздік қатерлерімен және осы қауіптердің алдын алу әдістерімен танысу. «Cisco зертханасы» Cisco ұсынған желілік дизайнға сәйкес маршруттауға негізделген шешімдерді енгізеді. Сонымен қатар қашықтықтағы пайдаланушылар мен филиалдардың кәсіпорын желісіне қауіпсіз қосылу схемасын жүзеге асыру Cisco зертханасында жүзеге асады.

Cisco ұсынған желілік дизайнға сәйкес маршруттауға негізделген шешімдерді енгізіледі, кәсіпорын желілеріндегі маршруттау хаттамаларының жұмысын конфигурациялау және тестілеу жұмыстарын жүргізеді. Cisco қауіпсіздік құрылғыларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, кешенді қауіпсіздік саясатын әзірлейді, енгізу және бақылау жұмыстарын орындайды.

«Cisco» оқуын бітіргеннен кейін студенттер – «Желі қауіпсіздігі бойынша маман» және «Маршрутизация және коммутация саласындағы желі маманы»  сертификаттарын алу мүмкіндігіне  ие болады.

Leave a Reply