BitStorm

Инновациялық және технологиялық шешімдер арқылы бизнесті цифрландыру, кәсіпкерлік саладағы мәселелердің оң шешімін табу және еліміздің жас IT мамандарына қолдау көрсету мақсатында 2024 жылғы 13-14 сәуір күндері Түркістан қаласында «Respublica» партиясы өткізген «RECODETAU» Республикалық хакатонында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, «Компьютерлік ғылымдар»  кафедрасынан қатысқан BitStorm командасы жүлделі 4 орынды иеленді. Оларға жаз айларында Алматы қаласында JanaPost компаниясында ақысы төленетін (тамақпен, тұратын жермен қамтамасыз етіледі) тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілді. Студенттерімізге биік белестер мен толағай табыс тілейміз.

Leave a Reply