Бүгін NABU (Герман табиғатты қорғау бірлестігі) өкілі, сарапшы-ғалым Штефан Михельмен ҒТФ профессор-оқытушылар құрамы және студенттері арасындағы кездесу өтті. Кездесу барысында ғалым Штефан Михель әлемдік биоалуантүрлілікті сақтау, Қызыл кітапқа бионысандарды ендіру, сондай-ақ Маңғыстау өңіріндегі биоалуантүрлілікті зерттеу тіркеу бойынша бірлескен ғылыми зерттеу жоба тақырыптары, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу және жас зерттеушілерге арналған халықаралық оқу зерттеу бағдарламалары таныстырды. Шетелдік ғалым Маңғыстау киіктерінің Үстірт популяциясының полиморфизмі тақырыбында лекция оқыды. Кездесуде YU жаратылыстану ғылымдары бағытындағы өндірістік оқытушылар, «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдарының өңірлік төрағасы Адильбек Козыбаков, ХБ бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің экология бойынша координаторы Жақсылықова Бақытгүл, NABU волонтеры Мариан Грау, Есенов университетінің ғалымдарымен дайындалған әріптестік-серіктестік бағдарлама бойынша бірлескен ғылыми жоба мен халықаралық табиғатты қорғау ұйымдарына мүшелікке қабылдаумен аяқталып, кездесу жемісті аяқталды.