Yessenov University Ғылым және технология факультетінің деканы Сатылмыш Йылмаз

Yessenov University Ғылым және технология факультетінің деканы Сатылмыш Йылмаз, декан орынбасары Ыбрайқожа Н.П. және Компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушіісі Жумадилова М.Б. бастауымен Ақтау қаласындағы ITлицейінің директоры Жумашева Жанаргуль Бекболатқызымен және басқа да лицей қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында оқушылармен бірлесіп ғылыми жұмыстарды және STEMоқыту технологиясын дамыту мәселелері талқыланды.  

Кездесу барысында  Университетте жүргізіліп жатқан кафедралар бойынша оқу программалары, STEM технологиясының жұмыстары туралы таныстырылды. Кезедесуді қорытындылай келе, келесі дамыту жұмыстарын мақсатқа қойылды:

  • ынтымақтастықты күшейту
  • университет пен лицей арасында меморандум құру
  • оқушыларды ғылыми жобаларға қатыстыру
  • IT және жаратылыстану бағытында ғылыми жобаларды ұйымдастыру және де т.б. жұмыстар.

Бірегей жұмыстарды атқару үшін пландар құрылды, IT-лицейінің ата-аналары мен оқушылары үшін STEM оқыту туралы проф-бағыттарын беру үшін семинар-конференциялар ұйымдастыру келісілді.

Leave a Reply