2024 жылдың 17 – 18 қазан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «В014 – География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студенттер арасында республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға Гео БББ 3 курс білім алушылары Түсіп Әкежан Амангелдіұлы мен Тұрсын Әміржан Сержанұлы қатысып жүлделі II -орынға ие болды. Білім алушыларға жетекшілік еткен Семирханова Диана Қадырханқызы алғыс хатпен марапатталды.
