Жетістіктер

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «IITI CUP V» республикалық гранд пікірсайыс турнирінде География БББ 2 курс студенті Аманшин Азамат жүлделі 2 орынды иемденді.

16 қараша күні Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Табиғат бөлімі ұйымдастырумен «Табиғатқа саяхат» тақырыбында квест ойын ұйымдастырылды. Квестке География, Биология БББ бойынша 1,2 курс студенттері қатысты. Маңғыстау облысының географиясы, өлкетану, биология, география, жаратылыстану бағытында әртүрлі тапсырмалар беріліп, студенттердің интеллектуалдық қабілеттерін шыңдады. Нәтижесінде География БББ 2 курс студенттері, Биология БББ 1 курс студенттері 1 орынға ие болды.

2023 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында «Химия» БББ үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін Оңғарбаева Әсем жүлделі 3-орын алды.
Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент Ибраева М.М.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі жанындағы республикалық 3 студенттік кеңеске Маңғыстау облысының студенттерінің құқықтары жөніндегі уәкіл — студенттік омбудсмен, География БББ 2-курс студенті Серік Парасат Серікұлы қатысып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен марапатталды!

5 қазан — Ұстаздар күніне орай «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының ұстаздары университет президенті Б.Б. Ахметовтың алғыс хатымен марапатталды:

1) қауымдастырылған профессор м.а., доцент, х.ғ.к Аимова М.Ж

2) Профессор ассистенті (аға оқытушы) Ыбырайқожа Н.П

27-28 сәуір күндері Алматы облысы, Süleyman Demirel University-де XV Республикалық студенттік пән олимпиадасында химия пәнінен қатысқан Yessenov University, Ғылым және технология факультеті, Жаратылыстану ғылымдар кафедрасының студенттері 1 орынды иеленді. Олимпиадаға химия пәнінен 17 бәсекелес команда, сондай-ақ 34 студент қатысты.

Yessenov University олимпиада командасы: Бекболат Қайсар және Бердіхан Самғар тамаша ұпай жинады. Команданы «Жаратылыстану ғылымдар» кафедрасының профессоры Бусурманова Аккенже жетекшілік етті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Süleyman Demirel University-де XV Республикалық студенттік пән олимпиада
XV Республикалық пәндік олимпиада

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы В014 — география мұағалімін дайындау білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XV Республикалық пәндік олимпиада да 19 жоғары оқу орнынан келген командалар арасында жарыс өткізілді. I турда жалпы жертану, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, шетелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы, геоморфология және гидрология, географияны оқыту әдістемесі бойынша тапсырмалар, ал II тур картография топография негіздерімен, Қазақстанның экономикалық және физикалық географиясы бойынша практикалық бағыттағы тапсырмалар берілді. Екі күндік турдың нәтижесі бойынша командалық есепте Утегенов Бағдаулет пен Сәрсенов Сағыныш 19 команданың ішінен 9 орынды иеленді. Ал жеке құрам ретінде Сәрсенов Сағыныш 38 қатысушының арасынан топ жарып 2 орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Есенов университетінде 12 сәуір — Ғылым қызметкерлері күніне арналған Ғылым апталығы аясында «Жаратылыстану ғылымдары» және «Экология» кафедраларының ұйымдастыруымен «Өлке табиғаты алаңы» ашылды.

Шараны өлкеге танымал ардагер-эколог О.Ә.Тоғжанов ашып берді. Факультет декандары Б.Е.Ягалиева мен А.Г.Гусманова және кафедра меңгерушілері Э.У.Сагиндыкова, С.Е.Қойбақовалар студенттерге алаңның маңызы мен мақсаты туралы түсіндіріп өтті.

Бұл алаңның мақсаты- ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер арқылы шөлейттену және жер деградациясына қарсы күрес әдістерін зерттеу және қалпына келтіру.

«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасында Биология БББ «Young researcher» ғылыми үйірме жұмыс жасайды.

Нақтыланған алаңды өсімдік отырғызу үшін дайындап, жерін қопсытып, ірі-ұсақ тастардан тазартып, органикалық тыңайтқыштар салып, чектер (салмалар) әзірледі.

Отырғызылатын өсімдіктерді сипатына қарай: ағаштар, бұталар, жартылай бұталар, көпжылдық шөптесіндерді рет-ретімен Маңғыстау облысы аймағынан жинап әкелініп, отырғызылды.

Ғылым қызметкерлері күні
«Жас ғалым»

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жарияланған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурста «Шетпе-Оңтустік бор карьерінің аумағында биоалуантурлілікті сактаудың экологиялық аспектілерін ГАЖ технологияларын колданумен ғылыми негіздеу» жобасы бойынша грантқа Жидебаева Айнұр Ерболатқызы   ие болды. Жоба мақсаты цемент зауыты кызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, биоалуантурлілікті сақтау жөніндегі іс шараларды таңдау үшін зерттелетін ауданның геоакпараттық мониторингінің әдістемесін әзірлеу және бағдарламалық қамтамасыз ету. Зерттеу Каспий-Цемент зауытының ауданында, Маңғыстау таулы аридті аймағының Шетпе-Оңтүстік бор карьерінің жағдайына қатысты ғарыштық суреттер мен ГАЖ-технологияларды пайдалана отырып, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жай-күйіне жүргізілетін болады.

МӘНШҮК ИБРАЕВА ЛЕЙШМАНИЯ АУРУЫНА ҚАРСЫ ФИТОПРЕПАРАТ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
Маңғыстау өңірінде 150-ге жуық ғалым бар. Бәрінің де жеткен жетістігі бір төбе. Соның бірі аймақ үшін таңсық, әлі дамымай тұрған ғылыммен айналысатын жас ғалым — Мәншүк Ибраева.
Мәншүк Ибраева – Yessenov University Ғылым және технологиялар факультеті Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауысдатырылған профессоры, PhD докторы, ғылым жолында тәжірибесін жетілдірген маман. Оның ғылыми бағыты – табиғи қосындылардың химиясы немесе фитохимиялық зерттеулер. Бағыты бойынша өсімдіктердің құрамынан дәрілік заттарды алады. Осы уақытқа дейінгі жетістігінің бірі 2015 жылы Қытайға барып, артемизия өсімдігінің құрамын зерттеп, бактерияға қарсы өнім шығарған.

МӘНШҮК ИБРАЕВА ЛЕЙШМАНИЯ
Смартфонға арналған химия пәні бойынша оқу ойындары

Жоба жетекшісі Ибраева М.М. және Атагази О.С. Каспий Кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен Есенов Университеті гранты аясында «Смартфонға арналған химия пәні бойынша оқу ойындары» атты стартап жобасын (құны 990 000 тг) жеңіп алды! Жоспар бойынша мобилографпен демонстрациялық зертханалық жұмыстарды түсіріп бастады. Жоба мақсаты — химия пәні бойынша барлық зертханалық жұмыстар оқушыларға толық түсінікті етіп, көзбен көруі үшін виртуалды зертханалық жұмыстарды жасау. Қазіргі таңда смартфонға арналған Dopamine қосымшаның MVP версиясы құрылып, қосымшаға мектеп курсы бойынша 9 сынып оқушыларына арналған үш зертханалық түсіріліп, сайтқа жүктелді.

2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасында 5В011100 — Информатика мамандығы бойынша XI республикалық пәндік олимпиада Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізілді. Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың нәтижелері бойынша студенттер дипломдармен жүлделі орындарға ие болды:

  1. Жантілеуов Ермек Айтқалиұлы-1-дәрежелі Диплом
  2. Сәрсенбек Ақниет Шадиярбекұлы-2 дәрежелі Диплом
  3. Қасанов Ақжол Бақтығалиұлы-3-дәрежелі Диплом
1

«6В01501-Математика» БББ студенттері республикалық және халықаралық конференцияларға, Республикалық пәндік олимпиадаларға белсене қатысады.

2019, 2020 екі жыл қатарынан Ақтөбе, Павлодар қалаларында «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» ұйымдастырған «Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы IT-технологиялар мен робот техникасының заманауи ғылыми әлемі» тақырыбындағы жас зерттеушілерге арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына дайындаған жобаларымен қатысып, математика мамандығында оқитын студенттер Сәбит М., Атадусова А., Курбанова М., Ахмеджан Д., Тулегенова С., Базарбаева А. жүлделі орындарға иеленіп дипломдармен, сонымен бірге Атадусова А., Тулегенова С., Базарбаева А. «Жас дарын» медалдарымен марапатталды.

2021 жылы «6М010900-Математика білім беру бағдарламасы бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетіне ұйымдастырылған студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына қатысып «Планиметрия курсын оқыту барысында «Geogebra» бағдарламасын қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша МНМАТ-20-1 тобының магистранты Аленова Сауле 2- орынды иеледі (ғылыми жетекшісі кафедра профессоры Кощанова Г.Р.).

2021 жылдың мамыр айында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары «В009-Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің XIII Республикалық пәндік олимпиадасына МАТ-19 тобының студенттері Құрман Елдос Төлендіұлы, Кубейев Бауыржан Серикұлы, Еламанов Біржан Серікұлы қатысып командалық 2 – орын, жекелей Құрман Елдос Төлендіұлы, Кубейев Бауыржан Серикұлы 3-ші жүлделі орынға ие болды (жетекші п.ғ.к., профессор Г.Р.Кощанова)

«6В01502-Физика» БББ студенттері республикалық және халықаралық конференцияларға, Республикалық пәндік олимпиадаларға белсене қатысады.

4 курс студенті Аяпкалиева Анар «Үздік жас ғалым-2021″» халықаралық жобасына кафедраның аға оқытушысы А. Ж. Касаеваның жетекшілігімен «Теңіз энергетикалық қондырғысы» тақырыбына жоба орындап 1- орынды иеледі.

2021 жылдың 12 сәуірінде Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде базалық жоғары оқу орындарында пән олимпиадаларын өткізу бойынша БҒМ кестесіне сәйкес «Физика» мамандығының студенттері арасында ұйымдастырылған VIII Республикалық пәндік олимпиадада ФИЗ-19 тобының студенті Ақбаев Абылай 3-ші жүлделі орынға ие болды (жетекші ф.-м. ғ.к., доц. О. Д. Биғожа)

Мектептерде білім беру сапасын арттыру үшін Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Есенов университетінің 2021-2023 жылдарға арналған бірлескен кешенді жоспарын орындау мақсатында Ақтау қаласындағы С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясында және Мұнайлы ауданының № 12 жалпы білім беретін мектебінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Мектептердегі физика мұғалімдерінің тәлімгерлігі профессор А.Б. Түрікменбаевқа тапсырылды. 10-11 оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау доцент К. Бижанова және «Қызықты физика» жексенбі және каникул сабақтарын өткізу аға оқытушы А.Ж. Касаеваға тапсырылды.

Leave a Reply