«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы

“Іргелі биология” зертханасы

“Іргелі биология” зертханасы

Студенттер «Биология» пәнінің барлық бөлімдері бойынша ақпарат алады. Зертханалық жұмысты орындағаннан кейін студент алынған эксперименталды зерттеулер негізінде қорытынды жасайды. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер физиологиялық және зертханалық әдістерді меңгереді және өзінің теориялық білімдерін бекітеді, сондай-ақ жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру, зерделенген оқу материалын жүйелейді.

“Физикалық география” зертханасы

Физикалық географияға арналған лабораторияда студенттер үшін бағдарламаға сәйкес дәрістен алған білімдерін әрі қарай толықтыру үшін зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.Бұл оқу аудиториясы Қазақстанның физикалық географиясы, Ландшафттану негіздері, Топырақ географиясы,  пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған. Сабақ барысында студенттер физикалық карталар қолданады. Далалық тәжірибелер кезінде студенттер жинаған материалдар сабақтарда қолданылады.

“Физикалық география” зертханасы
“Қолданбалы биология” зертханасы

“Қолданбалы биология” зертханасы

Биологияға арналған лабораторияда студенттер үшін бағдарламаға  сәйкес практикум бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіледі. Студенттер дәрістен алған білімдерін әрі қарай толықтыру үшін зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.Олар өсімдіктердің мүшелерінің құрылысын, сыртқы ортамен байланысын, көбею жолдарын, тыныс алу (фотосинтез) процесстерін анықтайды және қорытындылап, білімдерін толықтырады .

«Биологияны оқыту әдістемесі» зертханасы

«Биологияны оқыту әдістемесі» оқу зертханасы аудиториялық және семинарлық сабақтарды өткізуге қызмет етеді. Сонымен қатар практикалық сабақтарды өткізу кезінде, курстық жұмыстарда және өзіндік жұмыстарда алынған ақпараттар мен материалдарды өңдеуде және т.б. қолданылады.

Зертханалық кабинет оқу және ғылыми жинақтарды сақтауға арналған сөрелермен жабдықталған. Сабақ заманауи зертханалық құрал-жабдықтар, жинақ материалдары, экспозициялар, фотоматериалдар, плакаттар және сұлбалар көмегімен өткізіледі.

«Биологияны оқыту әдістемесі» зертханасы
image007-3

«Аналитикалық химия» зертханасы

Сапалық және сандық аналитикалық химия пәндері бойынша зертханалық сабақтар жүргізіледі. Катиондар мен аниондарға сапалық және сандық талдау, сонымен қатар, заттардың құрамын тамшылық әдіс, микрокристалоскопиялық әдіс, топтық реагент, жүйелеп, даралап анықтауға арналған.

«Органикалық химия және полимерлер» зертханасы

Зертхана заттардың бөлу және тазарту, органикалық қосылыстарды әртүрлі әдістермен талдау және синтездеуге арналған. Бұл зертханада органикалық заттарды тазалау әдістері: айдау, экстракция, қайта айдау, кристалдау әдістері жасалады.

1
image015-1

«Жалпы химиялық технология» зертханасы

Жалпы химиялық технология зертханасы бейорганикалық және органикалық өндірістің негізгі өнімдерін алумен байланысты тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған. Жалпы химиялық технология зертханасы әртүрлі реакциялық, электр қыздырғыш және бақылау-өлшеу құрал-жабдықтарымен жабдықталуымен және еңбекті көп қажет ететін және мұқият құрастыруды талап ететін қондырғылармен  өзара байланысты болғандықтан, күрделі химиялық зертханалардың бірі болып табылады.

«Жалпы және бейорганикалық химия» зертханасы

Химиялық элементтер мен олардың бейорганикалық қосылыстарының реакциялық қабілеті мен қасиеттерінің зертханалық жұмыстарын жүргізуге арналған. Зертханада жалпы және бейорганикалық химияның негізгі заңдары бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіледі: Кипп аппаратында газ тәрізді заттардың молекулалық массасын анықтау, кальциметрде металдардың эквивалентті молярлық массасын анықтау, заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері және т. б. қасиеттері анықталады.

image017-1024x768
image009-3

«Физикалық және коллоидтық химия» зертханасы

Физикалық және коллоидтық химия зертханасында тепе-тең және тепе-тең емес жүйелерді талдаудың физикалық және термодинамикалықәдістерін,кинетика және катализ теориясын,сондай-ақ электрохимияның зертханалық жұмыстарын жүргізуге арналған. Зертханада калориметриялық, термиялық, потенциометрлік, эбулоскопиялық, газометрлік талдау әдістері жүргізіледі.

Leave a Reply