11 қазан күні “Достық үйінде” Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы және Yessenov University ұйымдастырған халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған әдебиет пен өнердің халықаралық конгресі өтті.
Конгресске белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар, Yessenov University профессорлары, студенттері мен магистранттары, Маңғыстау облысының көрнекті тарихшылары, өлкетанушылар, жазушылар, мәдени, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конгрессте мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев құттықтау сөз сөйледі.
Бүгінгі Халықаралық конгресстің мақсаты – Әбіш Кекілбаев шығармашылығының әлемдік көркем кеңістіктегі орны мен оның адамзаттың рухани дамуына өзіндік ықпалын Адамтану және Жаратылыс концепциясы контексінде зерделеу, оны әлемдік ғылыми айналымға енгізудің тетіктерін талдап, талқылау.