Интернет ресурстарын пайдаланып қашықтықтан оқыту тәсілдерін үйрету

2020 жылдың 16 сәуір айында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Педагогика факультеті, «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының ұйымдастыруымен «Интернет ресурстарын пайдаланып қашықтықтан оқыту тәсілдерін үйрету» атты онлайн семинар ұйымдастырылды. «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының доценті Шуакбаева Рахат Сарсенгалиевна оқытушылар мен студенттерге осы тақырыпта ашық онлайн семинар сабағында қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану әдістері бойынша түсіндірме жұмыстарын көрсетті. Семинардың негізгі мақсаты білім беруде біртұтас ақпарат жүйесін құру арқылы студенттерге онлайн жүйеде сабақ берудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру және Интернет ресурстарын оқу үрдістерінде тиімді игертуге бағытталған.

Семинар барысында онлайн курстардың тиімдігі және Harvard university, Яндекс практикум, Cousera курстанына қалай тіркелу керектігін көрсетті. Информатика мамандығының студенттері Жамел Азамат, Талапов Алишер, Бақбергенұлы Бақытжан North American University университетінің және Skill Box ұсынған тегін онлайн марафонына қазіргі таңда тіркеліп оқып жатқандарын айтып өтті. Семинар барысында студенттер сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *