2018 жылдың 21 қыркүйек күні Ш. Есенов атындағы КМТИУ де Қазақ түркологиясының атасы Ғұбайдолла Айдаровтың атындағы оқу аудиториясының ашылу салтанатына  арналған жиын өтті.
Ғұбайдолла Айдаров атындағы оқу аудиториясының ашылу салтанаты университет ректоры Б.Б.Ахметов кіріспе сөзімен ашылды.
Аталмыш шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Ысқақов,  демеуші мекеме КЕЗБИ ЖШС директоры Б. Кезбаев,  ұрпақтары, өлкеге белгілі азаматтар, ел ағалары, студент жастар  қатынасты. Университет ректоры Б.Б.Ахметов Ғұбайдолла Айдаров атындағы оқу аудиториясының лентасын қию құрметін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Нұрлыбекович Ысқақав пен КЕЗБИ ЖШС директоры Бітім Кезбаевқа ұсынды.
Салтанатты түрде ашылған  Ғұбайдолла Айдаров атындағы оқу аудиториясын қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А.Н.Отарова таныстырып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *