«Вызываю огонь на себя!» атты университеттік стартаптардың халықаралық конкурсы.

14 маусым күні «Точка кипения-Тюмень» платформасында «Вызываю огонь на себя!» атты университеттік стартаптардың халықаралық конкурсы өтті.

Жобаға Ресей, Әзірбайжан, Қытай командалары қатысты. Біздің еліміздің атынан «Computer engineering» және “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” білім беру бағдарламаларының студенттері Ықыласова Сымбат, Жаңбырбаева Динара, Сатыбалдиев Нұрлыбек, Варченко Евгений, Өтебай Оралбай қатысты.

Yessenov University XYZ командасы «Luminarium: «Сomfortable future now» жобасын ұсынды және «Best social project»атағын иеленді. Балаларды тамаша стартпен құттықтаймыз және келесі шыңдарды бағындыруды тілейміз.

Leave a Reply