«Ғ.Айдаров және көне түркі ескерткіштері» атты ғылыми-зерттеу жұмысы

"Ғ.Айдаров және көне түркі ескерткіштері" атты ғылыми-зерттеу жұмысы

МНКЯЛ-18-1 тобының магистранты Жаңабергенова М
Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Отарова А.Н.
Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: Көне түркі жазба ескерткіштерінің қазақ халқының да тарихында, руханиятында алар орны ерекше, зор әдеби,мәдени тілдік деректердің көзі болғандықтан, бүгінгі күн тұрғысынан зерделеу, қазақ түркологиясының негізін салушы Ғұбайдолла Айдаровтың зерттеулерінің маңызын зерделеу.
Міндеттер:

  • Көне түркі руна жазба шығармалары ең көне дәуірден бастап түркі қағанаты өмір сүруін тоқтатқанға дейінгі аралықта жасалынғанын тарихи деректермен салыстырып- сараланған тұжырымдар арқылы көрсету.
  • Орхон-енисей жазба ескерткіштерінің жанрлық ерекшелігін, мазмұнын, идеясын ашу;
  • Көне түркі руна жазба ескерткіштеріне түркі нанымы, философиясы және түркілік-ұлттық рух, намыс, психология, түркілік жауынгерлік даралық тұтастай өзек болғанын дәлелдеу;
  • Көне түркі ескерткіштерінің тарихын тану, оның тілдік ерекшеліктеріне, рухани маңызына лайықты бағасын беру

Leave a Reply