«Физика» мамандандырылған зертханасы

Мамандандырылған жалпы «Физика» зертханасы қазіргі заман талабына сай неміс өндірісінің жаңа технологиясымен жасалған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл қондырғылардың көмегімен голограмма,  Гельмгольц резонаторымен дыбыс толқындарының резонансын бақылау, абсолют қара дененің жылу шығаруын есептеу сияқты құбылыстарды бақылауға болады.
Зертханалық жұмыстарды жасау барысында, теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, өлшеу құралдары мен қондырғыларды пайдалануды үйренеді.

«Жалпы физика» оқу зертханасы

«Жалпы физика»  оқу зерттеу зертханасы  инженер – техникалық мамандықтардың қажеттіліктеріне сәйкес механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика және атом физикасынан тәжірибелік білім беруді қамтамасыз етеді.

«Электр, магнетизм және оптика» оқу зертханасы

«Электр және магнетизм, оптика» оқу зертханасы «Электр және магнетизм» және «Оптика» пәндері бойынша тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізуге арналған. Зертхананың міндеті – жалпы физика курсын оқыту барысында студенттердің алған теориялық білімдерін практикада тереңдету және нығайту. Зертхана студенттерге түрлі тәжірибелер мен эксперименттер өткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жабдықтармен және ЭМК, ФПЭ-05, ФПЭ-07 зертханалық қондырғыларымен жабдықталған.

«Мектеп экспериментінің техникасы» оқу зертханасы

Орта мектепте физиканы оқытудағы эксперименттік әдіс физиканы оқытудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Ол  оқушыларды физика — ғылымындағы физикалық құбылыстарды, заңдылықтарды және процестерді танып білу мақсатында жасалатын демонстрациямен таныстырады.
«Мектептегі физикалық эксперимент техникасы» зертханасы
мектеп курсының барлық бөлімдері бойынша зертханалық жұмыстарды сапалы орындауды қамтамасыз ету үшін арналған.

«Механика және молекулалық физика» оқу зертханасы

«Механика және молекулалық физика» оқу зертханасы  жаратылыстану ғылымдары кафедрасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.   Зертхана физика бөлімдерінің эксперименттік бөлігін қамтамасыз етеді – «Механика» және «Молекулалық физика».
Зертхананың міндеті-механика және молекулалық физика саласында болып жатқан процестерді талдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін практикалық дағдыларды қалыптастыру, тиісті физикалық шамаларды бағалауға үйрету. Зертханалық практикумда студенттер әр түрлі аспаптармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, эксперимент жүргізу ерекшеліктерін зерттейді, эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістерімен танысады

«Мұнайдың химиясы мен физикасы» зертханасы

Органикалық заттардың химиясы мен физикасы, Көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы, Органикалық және мұнай-химиялық өндіріс технологиясы, Органикалық заттар өндірісіне техникалық бақылау пәндері бойынша зертханалық сабақтар жүргізіледі. Мұнай және мұнай өнімдерінің физико-химиялық қасиеттері мен фракциялық құрамын анықтауға арналған.

«Өндірістік экология және химиялық технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасы

Қоршаған орта объектілерінің жай-күйін мониторингілеу және бағалау үшін «Экологиялық мониторинг», «Топырақтану», «Су ресурстарын қорғау» пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған.

«Органикалық химия және полимерлер» зертханасы

Зертхана заттардың бөлу және тазарту, органикалық қосылыстарды әртүрлі әдістермен талдау және синтездеуге арналған. Бұл зертханада органикалық заттарды тазалау әдістері: айдау, экстракция, қайта айдау, кристалдау әдістері жасалады.

«Жалпы химиялық технология» зертханасы

Жалпы химиялық технология зертханасы бейорганикалық және органикалық өндірістің негізгі өнімдерін алумен байланысты тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған. Жалпы химиялық технология зертханасы әртүрлі реакциялық, электр қыздырғыш және бақылау-өлшеу құрал-жабдықтарымен жабдықталуымен және еңбекті көп қажет ететін және мұқият құрастыруды талап ететін қондырғылармен  өзара байланысты болғандықтан, күрделі химиялық зертханалардың бірі болып табылады.

«Жалпы және бейорганикалық химия» зертханасы

Химиялық элементтер мен олардың бейорганикалық қосылыстарының реакциялық қабілеті мен қасиеттерінің зертханалық жұмыстарын жүргізуге арналған. Зертханада жалпы және бейорганикалық химияның негізгі заңдары бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіледі: Кипп аппаратында газ тәрізді заттардың молекулалық массасын анықтау, кальциметрде металдардың эквивалентті молярлық массасын анықтау, заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері және т. б. қасиеттері анықталады.

«Физколлоидтық химия» зертханасы

Физколлоидтық химия зертханасында тепе-тең және тепе-тең емес жүйелерді талдаудың физикалық және термодинамикалықәдістерін,кинетика және катализ теориясын,сондай-ақ электрохимияның зертханалық жұмыстарын жүргізуге арналған. Зертханада калориметриялық, термиялық, потенциометрлік, эбулоскопиялық, газометрлік талдау әдістері жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *