«Физика» мамандандырылған зертханасы
Мамандандырылған жалпы «Физика» зертханасы қазіргі заман талабына сай неміс өндірісінің жаңа технологиясымен жасалған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл қондырғылардың көмегімен голограмма, Гельмгольц резонаторымен дыбыс толқындарының резонансын бақылау, абсолют қара дененің жылу шығаруын есептеу сияқты құбылыстарды бақылауға болады.
Зертханалық жұмыстарды жасау барысында, теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, өлшеу құралдары мен қондырғыларды пайдалануды үйренеді.
«Жалпы физика» оқу зертханасы
«Жалпы физика» оқу зерттеу зертханасы инженер – техникалық мамандықтардың қажеттіліктеріне сәйкес механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика және атом физикасынан тәжірибелік білім беруді қамтамасыз етеді.
«Электр, магнетизм және оптика» оқу зертханасы
«Электр және магнетизм, оптика» оқу зертханасы «Электр және магнетизм» және «Оптика» пәндері бойынша тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізуге арналған. Зертхананың міндеті – жалпы физика курсын оқыту барысында студенттердің алған теориялық білімдерін практикада тереңдету және нығайту. Зертхана студенттерге түрлі тәжірибелер мен эксперименттер өткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жабдықтармен және ЭМК, ФПЭ-05, ФПЭ-07 зертханалық қондырғыларымен жабдықталған.
«Мектеп экспериментінің техникасы» оқу зертханасы
Орта мектепте физиканы оқытудағы эксперименттік әдіс физиканы оқытудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Ол оқушыларды физика — ғылымындағы физикалық құбылыстарды, заңдылықтарды және процестерді танып білу мақсатында жасалатын демонстрациямен таныстырады.
«Мектептегі физикалық эксперимент техникасы» зертханасы
мектеп курсының барлық бөлімдері бойынша зертханалық жұмыстарды сапалы орындауды қамтамасыз ету үшін арналған.
«Механика және молекулалық физика» оқу зертханасы
«Механика және молекулалық физика» оқу зертханасы жаратылыстану ғылымдары кафедрасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Зертхана физика бөлімдерінің эксперименттік бөлігін қамтамасыз етеді – «Механика» және «Молекулалық физика».
Зертхананың міндеті-механика және молекулалық физика саласында болып жатқан процестерді талдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін практикалық дағдыларды қалыптастыру, тиісті физикалық шамаларды бағалауға үйрету. Зертханалық практикумда студенттер әр түрлі аспаптармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, эксперимент жүргізу ерекшеліктерін зерттейді, эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістерімен танысады