«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы оқытушылардың ғылыми-зерттеу жобалары

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы оқытушылардың ғылыми-зерттеу жобалары

  1. «ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ» ЖЫРЛАР ЦИКЛІНІҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

Жоба жетекшісі: Нұрдәулетова Бибайша Ильясовна, филология ғылымдарының докторы, профессор
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары»
Жобада XIV-XVI ғасырлардағы «Алтын Орда», «Ноғайлы», «Қырым» мемлекеттерінің құрамында болған халықтардың тарихи-поэтикалық, қаһармандық шежіресі ретінде бірнеше ғасыр бойы ауызша жырланып жеткен «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің ономастикалық әлеуетіне (топонимдер, антропонимдер, астрономимдер, фитонимдер мен зоонимдер т.б.) талдау жасалып, жырдың қалыптасуы мен таралуының поэтикалық ареалы, лингво-ақпараттық әлеуеті, түркі халықтарының мәдениетіндегі орны анықталады.

  1. МАҢҒЫСТАУ КӨРКЕМ МӘТІНІНДЕГІ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Жоба жетекшісі: Нұрдәулетова Бибайша Ильясовна, филология ғылымдарының докторы, профессор
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары»
Жобада Маңғыстау ақын-жыраулары көркем мәтініндегі және жергілікті тұрғындардың тіліндегі ерекше сөздер мен сөзқолданыстардың (диалектизмдер, көне тұлғалар, кірме сөздер), Маңғыстау мен Үстірттегі мола басындағы эпитафиялық жазулардың астарындағы танымдық, білімдік құндылықтарға талдау жасалады. Маңғыстау аймағына тән тілдік ерекшеліктердің тарихи-лингвистикалық сипаты, келу көзі, қалыптасу уәжі, мағыналық топтасуы, концептуалдық кеңістігі анықталады.

  1. «ТАЛ БЕСІКТЕН ЖЕР БЕСІККЕ ДЕЙІН»

Жоба жетекшісі: Нұрдәулетова Бибайша Ильясовна, филология ғылымдарының докторы, профессор
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары»
Жобаның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тәрбиелік мәні бар фольклор, ұлттық ойындарды, тағылымды сөздерді (шешендік сөздер, ақыл-өсиет т.б.), салт-дәстүрді, ырым-тыйым түрлерін, сөйлеу мәдениеті мен этикетті, қазақтың отбасылық мәдениетін үйрететін, насихаттайдын оқулық және хрестоматия құрастыру.

  1. «ЖЕТІ АСЫЛ СӨЗ»

Жоба жетекшісі: Нұрдәулетова Бибайша Ильясовна, филология ғылымдарының докторы, профессор
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Жаһандағы қазақ мәдениеті»
Жоба «Жаһандағы қазақ мәдениеті» Арнайы жобасы аясында Маңғыстаудан шыққан 7 жыраудың танымдық-философиялық («Он сегіз мың ғалам», «Ерлік рухы», «Ақындық – мен») тақырыптағы шығармаларын ЮНЕСКО-ның алты тіліне аудару арқылы Маңғыстау жыраулық дәстүрінің поэтикалық, дүниетанымдық концепциясын адамзаттың рухани құндылықтары ретінде насихаттауға арналады.

  1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ КОНТЕКСІНДЕ
Жоба жетекшісі: Қабылов Әділет Дыбысұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы КМТИУ профессоры
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары
Жобаның мақсаты: Ә.Кекілбаев шығармашылығын әдеби-теориялық тұрғыдан зерттеу, идеялық-көркемдік қуатын, тәрбиелік мәнін пайымдау, жастар арасында насихаттау, жазушының шығармашылығын оқытуды оқу процесіне ендіру.

  1. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ЖАСТАРДЫ

ЗИЯЛЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жоба жетекшісі: Қабылов Әділет Дыбысұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы КМТИУ профессоры
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары»
Мақсаты: Жастарды зиялылық қасиеттерге тәрбиелеудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін пайымдау, арнайы оқу бағдарламасын әзірлеу, оқыту курсының білім мазмұнын негіздеу. «Зиялылық негіздері және қарым-қатынас мәдениеті» пәнін оқу процесіне ендіру, сынақ-байқаудан өткізу.

  1. «МАРШАЛ ӘБДІХАЛЫҚОВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ»

Жоба жетекшісі: Отарова Ақмарал Нұрғожақызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары»
Жобаның мақсаты: Туған өлкеден шыққан алғашқы журналист, жазушылардың бірі Маршал Әбдіхалықовтың шығармашылық мұрасын  алғаш рет тұтас, тақырыптық-жанрлық, стильдік-тілдік ерекшеліктері тұрғысында  зерттеу, ғылыми негіздеу, туындылары арқылы жас ұрпақты отаншылдық, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, жазушының шығармашылығын оқытуды оқу процесіне ендіру.

  1. «МАҢҒЫСТАУ ӘДЕБИЕТІ»

Жоба жетекшісі: Отарова Ақмарал Нұрғожақызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары»
Жобаның мақсаты: Маңғыстау әдебиетінің қалыптасу, даму тарихы, ақын-жазушылар шығармашылығын әдебиеттің кезеңдері бойынша талдау, туған өлке әдеби мұраларын  насихаттау, ел, отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру тәлімдік мазмұнын ашу, ақын- жыраулар шығармашылығын оқытуды оқу процесіне ендіру.

  1. Маңғыстау мәдениетінің мифологиялық-танымдық қабаттары

Жоба жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы КМТИУ профессоры Қобланов Жоламан Таубайұлы
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары»
Жобаның мақсаты: Өлкенің біртуар перзенті Серікбол Қондыбай  еңбектерін ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу, тәрбиелік мәнін пайымдау, жастар арасында насихаттау арқылы ұлттық құндылықтырды жаңғырту, ғалымның зерттеулерін оқытуды оқу процесіне ендіру.

  1. ФАРИЗА ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ

Жоба жетекшісі: Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы КМТИУ профессоры
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары»
Жобаның мақсаты: Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арнайы зерттеу жұмысын жүргізу, өлеңдерін әдеби-теориялық тұрғыдан талдау, идеялық-көркемдік қуатын, тәрбиелік мәнін пайымдап, жастар арасында насихаттау, ақын шығармашылығын оқытуды оқу үдерісіне енгізу.

  1. МАҢҒЫСТАУ АҚЫНДЫҚ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Жетекшісі: Жеткизгенова Алия Тугелбаевна, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы КМТИУ доценті.
Базалық жоба  «Саналы азамат»
Кіші бағдарлама «Білім және тәрбие»
Арнайы жоба «Ұлы дала жастары»
Жоба мақсаты: Сәттіғұл Жанғабылов поэзиясын әдеби-теориялық тұрғыдан  зерттеу, идеялық-көркемдік қуатын, тәрбиелік мәнін пайымдау, жастар арасында насихаттау, ақынның шығармашылығын оқытуды оқу процесіне ендіру, монография шығару.

Leave a Reply