Виртуалды зертханасы «Адам және жануарлар физиологиясы»
Зертхана студенттердің «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнін тиімді оқытуға арналған. Студенттер «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнінің барлық бөлімдері бойынша ақпарат алады. Зертханалық жұмысты орындағаннан кейін студент алынған эксперименталды зерттеулер негізінде қорытынды жасайды. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер физиологиялық және зертханалық әдістерді меңгереді, ал және өзінің теориялық білімдерін бекітеді, сондай-ақ жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру, зерделенген оқу материалын жүйелейді.




«Зоология» оқу зертханасы
«Зоология» оқу зертханасы аудиториялық, зертханалық және семинарлық сабақтарды өткізуге қызмет етеді. Сонымен қатар практикалық сабақтарды өткізу кезінде, курстық жұмыстарда және өзіндік жұмыстарда алынған ақпараттар мен материалдарды өңдеуде және т.б. қолданылады.
Зертханалық кабинет оқу және ғылыми жинақтарды сақтауға арналған сөрелермен жабдықталған. Сабақ заманауи зертханалық құрал-жабдықтар, жинақ материалдары, экспозициялар, фотоматериалдар, плакаттар және сұлбалар көмегімен өткізіледі.
«Ботаника» оқу зертханасы
Ботаникаға арналған лабораторияда студенттер үшін бағдарламаға сәйкес практикум бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіледі. Студенттер дәрістен алған білімдерін әрі қарай толықтыру үшін зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.Олар өсімдіктердің мүшелерінің құрылысын, сыртқы ортамен байланысын, көбею жолдарын, тыныс алу (фотосинтез) процесстерін анықтайды және қортындылап, білімдерін толықтырады .




«Цитология және гистология» оқу зертханасы
Цитология және гистология пәнінен лабораториялық жұмыстар барлық тірі ағзалардың клеткалық және ұлпалық деігейін зерттеуге арналады. Олардың микроскопиялық құрылымы мен атқаратын қызметін оқып үйренеді. Лабораториялық жағдайда өсімдік және жануарлар клеткасы мен ұлпасынан уақытша және тұрақты препараттар жасап үйрене отырып, микроскоп, бинокуляр және тринокулярды қолдана отырып студенттер клетканың органоидтары мен олардың бөліну жодары митоз және мейоз процесінің механизмдерін оқып меңгеруге негіздейді. Лаборатория жарық микроскоптары мен дайын тұрақты препараттармен қамтамасыз етілген.


«Мұнайдың химиясы мен физикасы» зертханасы
Органикалық заттардың химиясы мен физикасы, Көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы, Органикалық және мұнай-химиялық өндіріс технологиясы, Органикалық заттар өндірісіне техникалық бақылау пәндері бойынша зертханалық сабақтар жүргізіледі. Мұнай және мұнай өнімдерінің физико-химиялық қасиеттері мен фракциялық құрамын анықтауға арналған.
«Өндірістік экология және химиялық технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасы
Қоршаған орта объектілерінің жай-күйін мониторингілеу және бағалау үшін «Экологиялық мониторинг», «Топырақтану», «Су ресурстарын қорғау» пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған.




«Органикалық химия және полимерлер» зертханасы
Зертхана заттардың бөлу және тазарту, органикалық қосылыстарды әртүрлі әдістермен талдау және синтездеуге арналған. Бұл зертханада органикалық заттарды тазалау әдістері: айдау, экстракция, қайта айдау, кристалдау әдістері жасалады.
«Жалпы химиялық технология» зертханасы
Жалпы химиялық технология зертханасы бейорганикалық және органикалық өндірістің негізгі өнімдерін алумен байланысты тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған. Жалпы химиялық технология зертханасы әртүрлі реакциялық, электр қыздырғыш және бақылау-өлшеу құрал-жабдықтарымен жабдықталуымен және еңбекті көп қажет ететін және мұқият құрастыруды талап ететін қондырғылармен өзара байланысты болғандықтан, күрделі химиялық зертханалардың бірі болып табылады.




«Жалпы және бейорганикалық химия» зертханасы
Химиялық элементтер мен олардың бейорганикалық қосылыстарының реакциялық қабілеті мен қасиеттерінің зертханалық жұмыстарын жүргізуге арналған. Зертханада жалпы және бейорганикалық химияның негізгі заңдары бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіледі: Кипп аппаратында газ тәрізді заттардың молекулалық массасын анықтау, кальциметрде металдардың эквивалентті молярлық массасын анықтау, заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері және т. б. қасиеттері анықталады.
«Физколлоидтық химия» зертханасы
Физколлоидтық химия зертханасында тепе-тең және тепе-тең емес жүйелерді талдаудың физикалық және термодинамикалықәдістерін,кинетика және катализ теориясын,сондай-ақ электрохимияның зертханалық жұмыстарын жүргізуге арналған. Зертханада калориметриялық, термиялық, потенциометрлік, эбулоскопиялық, газометрлік талдау әдістері жүргізіледі.

