Аchievements

2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасында 5В011100 – Информатика мамандығы бойынша XI республикалық пәндік олимпиада Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізілді. Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың нәтижелері бойынша студенттер дипломдармен жүлделі орындарға ие болды:

  1. Жантілеуов Ермек Айтқалиұлы-1-дәрежелі Диплом
  2. Сәрсенбек Ақниет Шадиярбекұлы-2 дәрежелі Диплом
  3. Қасанов Ақжол Бақтығалиұлы-3-дәрежелі Диплом

“6В01501-Математика” БББ студенттері республикалық және халықаралық конференцияларға, Республикалық пәндік олимпиадаларға белсене қатысады.

2019, 2020 екі жыл қатарынан Ақтөбе, Павлодар қалаларында «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» ұйымдастырған «Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы IT-технологиялар мен робот техникасының заманауи ғылыми әлемі» тақырыбындағы жас зерттеушілерге арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына дайындаған жобаларымен қатысып, математика мамандығында оқитын студенттер Сәбит М., Атадусова А., Курбанова М., Ахмеджан Д., Тулегенова С., Базарбаева А. жүлделі орындарға иеленіп дипломдармен, сонымен бірге Атадусова А., Тулегенова С., Базарбаева А. «Жас дарын» медалдарымен марапатталды.

2021 жылы “6М010900-Математика білім беру бағдарламасы бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетіне ұйымдастырылған студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына қатысып «Планиметрия курсын оқыту барысында «Geogebra» бағдарламасын қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша МНМАТ-20-1 тобының магистранты Аленова Сауле 2- орынды иеледі (ғылыми жетекшісі кафедра профессоры Кощанова Г.Р.).

2021 жылдың мамыр айында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары «В009-Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің XIII Республикалық пәндік олимпиадасына МАТ-19 тобының студенттері Құрман Елдос Төлендіұлы, Кубейев Бауыржан Серикұлы, Еламанов Біржан Серікұлы қатысып командалық 2 – орын, жекелей Құрман Елдос Төлендіұлы, Кубейев Бауыржан Серикұлы 3-ші жүлделі орынға ие болды (жетекші п.ғ.к., профессор Г.Р.Кощанова)

“6В01502-Физика” БББ студенттері республикалық және халықаралық конференцияларға, Республикалық пәндік олимпиадаларға белсене қатысады.

4 курс студенті Аяпкалиева Анар «Үздік жас ғалым-2021″» халықаралық жобасына кафедраның аға оқытушысы А. Ж. Касаеваның жетекшілігімен “Теңіз энергетикалық қондырғысы” тақырыбына жоба орындап 1- орынды иеледі.

2021 жылдың 12 сәуірінде Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде базалық жоғары оқу орындарында пән олимпиадаларын өткізу бойынша БҒМ кестесіне сәйкес «Физика» мамандығының студенттері арасында ұйымдастырылған VIII Республикалық пәндік олимпиадада ФИЗ-19 тобының студенті Ақбаев Абылай 3-ші жүлделі орынға ие болды (жетекші ф.-м. ғ.к., доц. О. Д. Биғожа)

Мектептерде білім беру сапасын арттыру үшін Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Есенов университетінің 2021-2023 жылдарға арналған бірлескен кешенді жоспарын орындау мақсатында Ақтау қаласындағы С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясында және Мұнайлы ауданының № 12 жалпы білім беретін мектебінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Мектептердегі физика мұғалімдерінің тәлімгерлігі профессор А.Б. Түрікменбаевқа тапсырылды. 10-11 оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау доцент К. Бижанова және «Қызықты физика» жексенбі және каникул сабақтарын өткізу аға оқытушы А.Ж. Касаеваға тапсырылды.

Leave a Reply