2019 жылдың 21 желтоқсаны күні Yessenov University Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы, саясаткер, жазба әдебиеттің негізін қалаушы ұлы  Абай Құнанбайұлының туғанына  175 жылдығына арналған «Абай мұрасы және қазіргі өркениет»  атты Абай күндерін өткізудің   ашылу салтанаты болды.
«Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі,ф.ғ.к.,доцент  Отарова А.Н. кіріспе сөзінде ұлы тұлғаның рухани, даналық мұрасының мәңгіліктігін,  философияның негізгі мәні болып табылатын «жетілген  толық адамды» қалыптастырудың тәлімі жастардан жоғары адамгершілік нормаларын, рухани мәдениетті және жан-жақты білімді талап ететінін, оның  бүгінгі жаһандану жайындағы өзектілігіне баса назар аударып айтып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *