Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Мен таныған Әл-Фараби» атты театрланған қойылым

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Қазақстан тарихы» кафедрасы ұйымдастырған «Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фарабидің даналық негіздері» атты апталықтың жұмысы  «Мен таныған Әл-Фараби» атты тарихи тағылымдық іс – шарамен жұмысын жалғастырды.
«Мен таныған Әл-Фараби» атты іс — шараның мақсаты –  ғылым мен мәдениеттің, өнер мен музыканың  алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы ойшылдың өмірі, ғылыми мол мұрасы, адами қасиеттері, яғни, ғұламаның жан жақты тұлға болғандығын, оның еңбектерінің білімдік және тәрбиелік маңызын студенттердің шығармашылығы негізінде көрсете отырып, жастарға Әл-Фарабидің мұраларының бүгінгі ұрпақ үшін өнеге екенін насихаттау.
«Мен таныған Әл-Фараби» атты іс-шара студенттерге ойшылдың  ғылым мен мәдениеттің, өнер мен музыканың  алтын қорына өлшеусіз үлес қосқанын көрсеткен тәрбиесі мен тағылымы мол маңызды шара болды.

Leave a Reply