«Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фарабидің даналық негіздері» атты Апталықтың ашылу шарасының пресс-релизі

2020 жылдың 27 ақпанында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фарабидің даналық негіздері» атты Апталық  салтанатты түрде ашылды.
Апталық әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында өткізіледі. Апталықтың  мақсаты – Әбу Насыр әл-Фарабидың өмірі мен шығармашылығы, тарихы мен тағылымын, маңызын өскелең ұрпаққа ашып көрсете отырып, жастарға Әл-Фарабидың жасаған  істерінің бүгінгі ұрпақ үшін өнеге екенін насихаттау.
Апталықтың ашылу барысында Педагогика факультеті деканының орынбасары Абишева Шарапат Сәбитқызы кіріспе сөз сөйледі. «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент   Абланова Эльвира Амангелдіқызы апталық жоспарымен таныстырды.

«Қазақстан тарихы» кафедрасының доценттері Демеев Ахмет Демеұлы «Әбу Насыр әл-Фараби – энциклопедист ғалым» тақырыбында, Бекешов Сәрсенғали Сағызбайұлы  «Әл-Фараби портреті қалай туындады» тақырыбында баяндамалар оқыды.
Әл-Фараби еңбектерінен университет кітапханасының қызметкерлері дайындаған «Әл-Фараби қазынасы» тақырыбындағы  кітап көрмесімен кітапханашы Байболғанова Салима Әбдімұханқызы таныстырды.
Апталықтың ашылу күнінің соңында кезек әнге беріліп, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Молдаханов Еркебұлан «Ұлы дала» әнін орындады.
Апталыққа Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және  студенттер белсене қатысты. «Ұлы ойшыл, ғұлама-Әл Фарабидің даналық негіздері атты Апталық өз кезегінде ізденуші студенттердің ғылыми жұмыстармен айналысуына бағыт беріп, ой салатын маңызды шара болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *