Ұлы дала: мәдени мұра және әлемдік тарихтағы Алтын Орда

«Қазақстан тарихы»  кафедрасы  Алтын Орданың 750 жылдығына орай  «Ұлы дала: мәдени мұра және әлемдік  тарихтағы  Алтын Орда» атты  аймақтық  студенттік  онлайн конференция  өткізді.
Онлайн конференцияға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы,  университет студенттері және  облысымыздың  арнаулы білім беретін оқу орындары Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі тарих пәнінің оқытушысы Б.А.Хасенов, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі тарих пәнінің оқытушысы Л.С.Шаңбасова қатысты.

Онлайн конференцияны  Ш.Есенов атындағы  университетінің ғылыми жұмыс және интернационалдыру бөлімі  проректоры  Е.Т.Нұрмағанбет ашып, пленарлық отырысында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Э.А.Абланова «Жошы ұлысы  немесе Алтын Орданың құрылу тарихы», кафедраның аға оқытушысы, магистр Р.Ә.Сидешова «Хан ордалы — Сарайшық», кафедраның аға оқытушысы Г.Е.Өтесовалардың «Алтын Орда тарихының зерттелуі» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды. Онлайн конференцияға қатысқан тарих пәні оқытушылары Б.А.Хасенов, Л.С.Шаңбасовалар тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Онлайн конференция жұмысы екі секцияда жалғасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *