2021 жылдың 29 қазанында ғылым және технологиялар факультетінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ф-м.,ғ.д., профессор Қайрат Атажанұлы Кутербековтың «Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасы технологиясын дамыту» тақырыбында дәрісі болып өтті.
Аталмыш қонақ дәрістің тыңдаушылары «Физика»,«Математика» мамандығының студенттері мен магистранттары болды.
Өткізілген дәріс аясында, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сутегі энергетикасының жоғары тиімді ғылымды қажет ететін технологияларын дамыту мәселелері қозғалды. Алынған өнім көлік, портативті электр қуатының көздері, катодты қорғау және өлшеу салаларында, химиялық өндіріс пен ауыл шаруашылығында қолдануға болатыны талқыналды.
Студенттер мен магистранттар белсенді түрде қатысып, сутегі энергетикасының технологиясы басқа елдердің технологиясынан қандай айырмашылығы бар және болашақта қандай нәтижелер күтіледі дегендей сауалдар қойды.
Қонақ дәріс студенттер мен магистранттарға осы саладағы тәжірибелік білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасады.