Пікірлер

жұмыс беруші пікірі

Муханова Ж.Б.
№28 ЖББ орта мектеп директоры

Мен жұмыс беруші өкіл ретінде 6В01506-География білім беру бағдарламасымен танысып шықтым. 6В01506-География білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты —  фундаменталды, жаратылыстану-ғылыми және ақпараттық білімі бар жоғары білікті мамандарды орта оқу орындарында оқу үрдісін педагогикалық қолдауды жүзеге асыру ғылыми және инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз және жүйелі түрде оқытуға арналған. 6В01506-География білім беру бағдарламасы сауатты және заманауи талаптарға сәйкес құрастырылған деп білемін.

Кенжебекова Дина Тілекбайқызы
Мұнайлы ауданы № 8 орта мектеп директоры

6В01505-Биология білім беру бағдарламасы білім беру саласында жоғары білімді бәсекеге қабілетті креативті кәсіби педагог кадрларды дайындауға үлес қосады. Кафедранын білікті,өз істерін шебер меңгерген профессор-оқытушылар құрамы білім беру мекемелерін жыл сайын жаңа түлектермен толықтыруда.Бағдарлама түлектеріне кәсіби қалыптасу жолында сәттілік тілеймін!

түлек пікірі

Дүйсенова Нұржауған Ыбырайымқызы
БжҒК ҒК “ Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бақ” РМК «Гүлді өсімдіктер» зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к.

6В01505- «Биология» білім беру бағдарламасы білім беру  саласында жоғары білімді бәсекеге қабілетті, креативті кәсіби педагог кадрларды дайындайды. Университет профессор-оқытушылар құрамының көпжылдық тәжірибесі мен өз ісіне шынайы берілгендігі сіздің жаңа студенттеріңіздің рухани және интеллектуалдық деңгейін одан әрі дамытуға қызмет етеді деп үміттенемін. Сонымен қатар, университеттің жаңа студенттеріне айтқым келеді: Сіз лайықты оқу орнын таңдадыңыз, сіздердің кәсіби қалыптасуларыңызға сәттілік тілеймін!

Қыстаубаев Дархан
Құланды орта мектебінің директоры. 2010 жылғы түлек

Мен Ш.Есенов атындағы КМТИУ оқып білім алғаныма шын жүректен қуаныштымын. Маған білім беріп, кәсіби маман болып қалыптасуыма ат салысқан университеттің  профессорлық- оқытушылық құрамына  алғыс айтамын. Сонымен қатар  өмір жолымда жеке тұлға болып қалыптасуыма мүмкіндіктер мен жағдай жасаған университтетің әкімшілік басқарушылық құрамынада рахмет айтамын.

жұмыс беруші пікірі

Куразова Зауреш Жауынбаевна
Ақтау қаласындағы № 11 мамандандырылған физика- математикалық мектебінің директоры

Білім беру саласындағы озық технологиялар болашақ мұғалімдердің ойлау стилі мен әдіснамасына айтарлықтай өзгерістер әкелетінін ескере отырып, біз атындағы Ш.Есенов Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің «Іргелі ғылымдары» кафедрасымен тығыз байланыста жұмыс жасап отырмыз..
Өзім басшылық ететін мектепте математика, физика, информатика пәндерінің оқытылуы жоғары деңгейде жүргізіліп келеді.  Аталған кафедранның профессор оқытушылар құрасы заман талаптарына, оқу бағдарламаларындағы өзгерістерге сай жаңа технологияларды оқытып, үнемі жетілдіру үстінде жұмыстанып келе жатқан терең білім, білікті тұлғасымен дараланып тұрған кәсіби мамандар.
Болашақта еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, өркениет көшінің басында тұрар осындай жалынды жастарға сапалы білім беріп отырған кафедра ұжымымен өзара әріптестік қатынаста болып, әдістемелік жұмыстарымызды кеңейте береміз деген сенімдемін.

Жүзбергенов Самат Қанатұлы
С. Қондыбай атындағы жалпы білім беру орта мектебінің директоры

Ең алдымен қазіргі таңда ел арасында «Yessenov University» атымен танымалдығына куәміз, екіншіден жыл санап контингент санының артып отырғанына ел куә, үшіншіден бітіруші түлектердің басым бөлігі делік жұмыспен қамтылып, өздерінің құзіретті маман екендіктерін көрсетіп келеді. Студенттерге дәріс беретін университет мұғалімдері мен оқытушы-профессорларының тәжірибесі, ғылым жолындағы еңберкері Қазақстанға танымалдылығы жағынан кенде емес. Аталған оқытушылардан тәлім-тәрбие алған мыңдаған студенттердің білім мен ғылым жолындағы жетістіктері дәлел. Yessenov University ұжымына сәттілік!

түлек пікірі

Примбетова Гульжан Серикбаевна
п.ғ.к., «Туран» университетінің оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы (Алматы қ.), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»

6В01501-Математика білім беру бағдарламасы  ғылымның, өндірістің, ақпараттық технологиялардың, қаржы институттарының және басқарудың барлық салаларында сұранысқа ие математик маманды дайындауға, сондай-ақ өлкемізде осы салада кадр жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Университеттің көпжылдық тәжірибесі бар профессор-оқытушылар құрамы сіздің болашақ білім алушыларыңыздың  рухани және интеллектуалдық деңгейін одан әрі дамытуға зор үлес қосатындығына сенімдімін. Осы университет түлегі ретінде студент атанып отырған жастарға айтарым: Сіз лайықты оқу орнын таңдадыңыз, сіздің кәсіби қалыптасуыңызда сәттілік тілейміз!

Демегенов Бауыржан
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Педагогика факультеті, «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының магистрі.

7М01502-Физика білім беру бағдарламасы білім беру және ғылым саласында заманауи физика және педагогика ғылымдарын жақсы меңгерген мамандарды даярлайды. Біздің университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы көпжылдық тәжірибелерімен бөлісе отырып, бәсекеге қабілетті кадр даярлауда жақсы жетістіктерге жетті. Қазіргі уақыт білім талабына сәйкес педагог мамандар жан-жақты, өзін-өзі дамыта алатын, креативті болуы тиіс. Біздің университетімізде білім алушы түлектердің  бойынан осы қасиеттер табылады деп ойлаймын. Сонымен қатар, «Yessenov University» түсуші талапкерлерге: «Талаптыға-нұр жауар» сәттілік тілеймін! Алатын асулар алда!!!