Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанынан құрылған Қазақстан жас педагог ғалымдары Қауымдастығының бастамасымен отандық жоғары оқу орындары оқытушыларының арасында республикалық байқау өткізілді.
Басты мақсат – білім және ғылым саласында қызмет атқаратын жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту, олардың жаңа білім мен технологияларды меңгеруге тарту және заманауи жас ғалым моделін қалыптастыру.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырылған сайысқа мемлекетіміздің ЖОО-нан көптеген жас педагогтар қатысты. Соның ішінен Yessonov University Ғылым және технология факультетінің ғылым және зерттеу жөніндегі вице-деканы Ыбрайқожа Нұржан Пажарбекұлы ерекше Алғыс хатпен марапатталды.
Айта кетейік, байқау барысында түрлі критерийлер бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдері, білім және ғылым саласындағы түрлі ұйымдардың басшылары мен Қазақстан жас педагог ғалымдары Қауымдастығының мүшелері бағалады.
Жас оқытушылар конкурс барысында байқауға қатысудағы басты мақсаты-арнайы шығарма және педагогикалық білім берудегі мәселе турасында эссе жазып, авторлық курсы мен жобасы туралы презентация қорғады. Сонымен қатар жас оқытушылар өз пәні бойынша TED форматында мотивациялық дәріс оқыды.