Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры М.М.Бүркітбаевтың қонақтық лекциясы

Университетаралық білім алмасу мақсатында  2021 жылдың  29 қараша күні ғылым және технологиялар факультетінде  «Химия» және «Биология» мамандықтарының студенттеріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ х.ғ.д., профессор М.М.Бүркітбаев «Өсімдік ауруларына қарсы нанокүкірт негізіндегі тиімді өсіру стимуляторлары» атты қонақ дәріс өтті.

Кездесу барысында профессор өзінің ғылым жолына тоқталып, «Ғылым бейбітшілік және қауіпсіздік үшін» атты НАТО Бағдарламасы аясында бірнеше халықаралық жобаларды басқарғанын айтты. Дәріс мазмұны қоршаған ортаға қауіпсіз нанокүкіртті қосылыстар алып,  ауыл шаруашылығында егін өсіруде пайдаланып, өнімнің шығымын арттыру туралы болды. Факультет ғалымдары мен студенттері ғалымға алдағы жоспары жайлы сұрақтар қойып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

Профессор студенттерге заман талабына сай ағылшын тілін оқып, шетелдік жобаларға қатысып, еліміздің ғылымын дамытуға үлес қосуларын сұрап, оқу барысында сәттілік тіледі.

Leave a Reply