Әбіш Кекілбаев атындағы ғылыми-зерттеу

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері  Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына  орай «Әбіш Кекілбаев атындағы ғылыми-зерттеу»  зертханасы ашылды. Зертхана оқу және ғылыми-зерттеу үдерісіне арналған заманауи мултимедиялық техникамен, атап айтқанда, көпқызметті проектормен, магнитті тақтамен, интерактивті тақтамен, интернет жүйесіне қосылған компьютерлік құрылғымен, арнайы оқулықтармен, оқу құралдарымен, ғылыми әдебиеттермен қамтылған.
Интерактивті тақта арқылы студенттер мен магистранттар бейнефильмдер, Qr  код қосымшасы        арқылы білімалушылар смартфондарына жүктеп алып  кез келген электронды оқулықтар, аудиокітаптар, деректі фильмдерді  көріп, оқи алады. Ұлы жазушының рухани мұрасын зерттеу ісі біздің университетімізде де жүріп жатырғандығын айта кеткеніміз жөн.  Оқу-жұмыс жоспары бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» бакалавриат мамандақтарына «Әбіштану» курсы оқытылып келеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде «Әбіш оқулары» өткізіліп тұрады.Дипломдық жобалар, магистрлік диссертациялар қорғалуда, профессор оқытушылар Әбіш Кекілбаев шығармашылығын тілдік, әдеби тұрғыда зерттеп, зерделеп, ғылыми мақала, жоба жұмыстарын, монография, оқулықтар жазуда. Сондықтан да ұлы тұлғаның бай рухани мұраларының тағылымын   жастар бойына сіңіре беру ұстаздық міндетіміз бола бермек.

Leave a Reply