«Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының жетістіктері

Біздің кафедрамыздың студенттері екінші жыл қатарынан «Huawei ICT Competition» Ұлттық байқауының жеңімпаздары атанды.

«Huawei ICT Competition 2024-2025» Ұлттық финалында Yessenov University студенті, 3-ші курс «Computer Engineering» бағдарламасы бойынша оқитын Таңатар Руслан Cloud Track бағыты бойынша 1 орын иеленді.

Ұлттық финал 18 қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтті, ал марапаттау рәсімі бүгін Астанада ұйымдастырылды. Руслан мен Yessenov University студенттерінің жеңісі біз үшін үлкен мақтаныш! Олар Қазақстанның намысын қорғап, 19 желтоқсанда Эр-Риядта өтетін аймақтық байқауға қатысуға шақырту алды. Бұл байқауға Таяу Шығыс пен Орталық Азияның 19 елінен 37 команда қатысады.

Yessenov University-нің Cloud Track командасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Astana IT University студенттерімен бірге бақ сынады. Команданы Жилкишбаева Гульназ Сейтбековна ICT Academy инструкторы ретінде бастап жүрді.

Сонымен қатар, Yessenov University BEST PERFORMED ACADEMY атағын жеңіп алды, ал Жилкишбаева Гульназ Сейтбекқызы INSTRUCTOR OF THE YEAR номинациясымен марапатталды.

Huawei компаниясы студенттерге жаңа технологиялар мен платформаларды зерттеп, АКТ саласында тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік береді. Жыл сайын «Huawei ICT Competition» байқауы бүкіл әлем бойынша таланттарды біріктіреді және оларды жаңа деңгейге көтереді.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті студенттерінің арасында ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңызды элементтері» тақырыбындағы эссе байқауына 6B01503-Информатика білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Уалихан Мустафа Қыдырбекұлы қатысты. Уалихан Мустафа жоғары деңгейлі белсенділік танытқаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл үлкен жетістік! Осындай зейінді студенттеріміз көп болсын…

🎉 Үлкен Жеңіс!

18 қарашада Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен «Huawei ICT Competition 2024-2025» байқауының Ұлттық финалында Yessenov University студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді!

💻 Cloud Track бағыты бойынша:

  • Танатар Руслан
  • Сатыбалды Нурлан

🌐 Network Track бағыты бойынша:

  • Аранбасаров Асетжан
  • Елдашбаева Акмоншак
  • Ислам Ерасыл

Ерекше мақтанышымыз – Танатар Руслан, ол барлық қатысушылар арасында ең жоғары ұпай жинап, Ұлттық финалдың жеңімпазы атанды. Енді Руслан Қазақстанның атынан «Huawei ICT Competition 2024-2025» аймақтық байқауында өнер көрсетеді.

🔖 Студенттерді бұл байқауға дайындаған жетекші кураторы – Жилкишбаева Г.С.

💪 Студенттерімізді құттықтап, Русланға сәттілік тілейміз!

6B06102-Computer engineering білім беру бағдарламасының 1 курс стеденттері Маңғыстау жастар ресурстық орталағымен және де MangystauHub ұйымдастыруымен өткізілген «MANGYSTAU IT FEST-24» шарасында Киберспорт турнирі бойынша жарысқа белсенді түрде қатысып сертификатпен марапатталды.

28 қарашада Маңғыстау облысында жас ғалымдар мен өнертапқыштардың ауқымды форумы өтіп, онда облыстың жас ғалымдары мен өнертапқыштары қауымдастығы құрылды. Осы құрметті қауымдастықтың қатарында «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының ассистенті Орынбасар Мақсым Айдарбекұлының барын ерекше мақтан тұтамыз!

Ғылымдағы IT саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қауымдастықтың құрмет белгісімен марапатталып, оны Маңғыстау облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы М.Оралбай табыс етті.

Орынбасар Мақсым Айдарбекұлын осы жоғары бағамен құттықтаймыз! Оған ғылымдағы IT және инновациялық технологияларды ілгерілетуде одан әрі табыс, сонымен қатар кәсіби жолында жаңа жетістіктер тілейміз!

16 қараша күні Астана қаласында «ICPC Kazakhstan Regional Contest» 1/4 ширек финалдан Ш.Есенов университетінің 6В01503 – Информатика және 6В06103 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламаларының студенттері: Халдар Әмірбек, Баттал Нұрсұлтан, Тузель Ұлан 3 орын алды. Жетекшісі: п.ғ.к. Шуакбаева Р.С. Жеңімпаздарды алған орындарымен құттықтаймыз!!! Біз осындай студенттерімізбен мақтанамыз!

18 қарашада Алматы қаласында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттык университетінде Huawei компаниясы ұйымдастырған «Huawei ICT Competition 2024-2025», Ұлттық конкурстың финалдық кезеңі өткізілді.

Yessenov University 6B06102 — «Computer engineering» және 6B06103 — «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламалары бойынша 3-ші және 4-ші курс студенттері қатысуда.

Конкурсқа қатысқан студенттер:

— Cloud Trank-бағыты бойынша Танатар Руслан, Даулбеков Сагыныш, Онайбай Ғабит, Сатыбалды Нурлан;

— Network Trank-бағыты бойынша Аранбасаров Асетжан, Жолдасбаева Ботакоз, Елдашбаева Акмоншак, Ислам Ерасыл, Микебай Ильяс;

— Computing Trank-бағыты бойынша Майрашов Адайбек, Адиль Айтур, Майлибаев Раул, Гринев Илья, Балтабай Ерасыл.

Рысгуль Байназарова Максатовна, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, Маңғыстау облысының әкімі Қилыбай Нұрдаулет Игілікұлы тарапынан облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін марапатталды. Рысгуль Максатовнаны осы лайықты марапатымен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз бен адалдығыңыз барлығымызға шабыт береді!

Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлер күні Yessenov University Президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы бірқатар оқытушылар мен қызметкерлерді Құрмет дипломдарымен және Төс белгілермен марапаттады. Оның ішінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім алушылардың жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері үшін министрдің  Саясат Нұрбектің  Алғыс хатымен «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының профессоры Сүлейменова Бұлдырық Байышевна, Құрмет дипломымен «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының профессор ассистенті Жилкишбаева Гульназ Сейтбекқызы марапатталды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Алматы қаласында Huawei компаниясымен тәжірибе алмасу және оқыту сапасын арттыру мақсатында «Huawei Instructor Summit 2024» атты ИКТ Академиясының инструкторларымен саммит өтті. Саммиттің басты мақсаты — Huawei ИКТ Академиясын дамыту, білім беру бағдарламаларға жаңа курстарды енгізу, АКТ академиясы саласындағы жаңа тенденцияларды дамыту. Біздің Есенов университетінен Жилкишбаева Гүлназ Сейтбековна спикер ретінде қатысып, сертификатқа ие болды. Одан кейінгі жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Инновациялық және технологиялық шешімдер арқылы бизнесті цифрландыру, кәсіпкерлік саладағы мәселелердің оң шешімін табу және еліміздің жас IT мамандарына қолдау көрсету мақсатында 2024 жылғы 13-14 сәуір күндері Түркістан қаласында «Respublica» партиясы өткізген «RECODETAU» Республикалық хакатонында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, «Компьютерлік ғылымдар»  кафедрасынан қатысқан BitStorm командасы жүлделі 4 орынды иеленді. Оларға жаз айларында Алматы қаласында JanaPost компаниясында ақысы төленетін (тамақпен, тұратын жермен қамтамасыз етіледі) тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілді. Студенттерімізге биік белестер мен толағай табыс тілейміз.

8 сәуір күні Yessenov University «ҒЫЛЫМ – МАНҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ» Ғылым айының бағдарламасының аясында «Идеядан өнімді жасауға дейін» атты University Startup Marathon-2024 жобалар байқауы өтті.

«Ғылым және технология» факультетінен төрт команда орынға ие болды.

1 орын «Unity» тобы, «Computer engineering» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс оқитын студентері: Айтур Адиль, Исаев Магамед, Елеуова Айша, Уразалиев Рахат, Амандосов Ратмир, Мухтаров.

* 1 орын «Uridical AI» тобы «Computer engineering» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс оқитын студенті: Капулер Дамитрий.

Жетекші: Жилкишбаева Гульназ Сейтбекқызы

2 орын «Visionaid Navigator» тобы «Computer engineering» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша 2,3,4 курс оқитын студенттері:

Шах-Али Хайрия, Көлбай Төлепберген, Қондыбай Думан, Сансызбай Ырысжан, Атаназаров Темур.

Жетекші: Кенжебаева Жанат Елубаевна;

3 орын «Gylym.ai» тобы, «Computer engineering» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс оқитын студентері: Савелкин Никита, Ғабит Бексұлтан, Кожиков Берекет, Лақбай Нұрбол, Андреев Андриан.

Жетекші: Жилкишбаева Гульназ Сейтбекқызы

Сайыс өте қызыққа толы және әділ өткен болатын. Студенттердің идеяға толы білімдері көрермендер мен әділ қазыларын таң қалдыруда. Топтар кезегімен сертификат алып, мараппаталды! Осымен сайысымыздың қорытынды бөліміне жеттік.

29.09.2023ж күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бос білім беру гранттарына түскен студенттердің тізімін жариялады.

Гранттар 4000-нан астам талапкерлерге берілді. Оның ішінде Yessenov University 46 студенті мемлекеттік грант иегері атанды.

6В06103 – «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В06102- «Computer engineering» мамандықтары бойынша грант иегері атанған студенттер: Әділхан Нұрбек Рысбайұлы, Саурғалий Әнуар Асылбекұлы, Құмар Нұрболат Талғатұлы, Мағзам Рамазан Айсаұлы, Калдибаев Мухаммедали Ахмедович.

Академиялық жұмыс жөніндегі вице-президент Макулов К.К., Ғылым және технологиялар факультетінің деканы Нигметова Г.Н., «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Жумалилова М.Б сабақ үстінде құттықтап шықты.

Мемлекеттік грант иегерлері университетке алғыстарын білдіріп, өздері үшін бұл жаңа мүмкіндік екендігін атап өтті.

Барша грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

2023 жылғы 23 қазанда 6В06103 – «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» бағдарламасы мамандығының 4 курс студенттері 1,2,3 курс студенттеріне арнап акция өткізді. Акция аясында Huawei ICT академиясы мобилді қосымшасына тіркелген студенттерге естелік сыйлықтар табыстады.

Және «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan National Competition» конкурсына да тіркеліп, конкурсқа қатысуға мүмкіндігіне ие болды.

2023 жылғы 5 қарашада Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында өткізілген 2023 жылғы ICPC бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының ширек финалы аяқталды. Ширек финал нәтижесі бойынша Yessenov University командалары 1 және 3 орындарға ие болды (студенттер: Рамазан Қ., Нұржігіт Б., Әмірбек Х.,Ниетқабылова А., Ержанова З., Асқарова А., Абдрахи Д., Тузель Ұ., Қалифа А. жетекшісі – Шуақбаева Р.С.). Жарайсыңдар, студенттер! Жартылай финалға жолдама алған командаға алдағы сынақтарда жеңіс тілейміз!

Студенттеріміздің әлем чемпионатында бақ сынауға қолдау көрсеткен университет ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

2023 жылғы ICPC бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының ширек финал жүлдегерлерін  «Техника ғылымдары» факультетінің басшылары, «Компьютер ғылымдары» кафедрасының ұжымы мен бірқатар студенттері сән-салтанатпен күтіп алды!

Студенттерге университетіміздің абыройын көтергені үшін ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін білдіріп, алдағы финалда да осындай дәреже көрсететіндеріне сенім білдірді.

#Huawei ICT Competition 2023-2024 Eurasia сайысының финалына шыққан «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» БББ білім алушысы — Утебай Оралбайды құттықтап, сәттілік тілейміз!

Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!

#Huawei ICT Competition 2023-2024 Eurasia сайысының финалына шыққан Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету БББ алушысы – Утебай Оралбай қарсыластарынан әлде қайда озық ұпаймен 1 орынды еншіледі!

Университетіміздің абыройын тағы да бір мәрте асқақтатқан студентімізге үлкен сенім арта отырып, толағай жетістіктерге жетіп, білімнің биік шығын бағындыруға тілек білдіреміз!

Астана қаласында 27-28.11.2023ж аралығында өткен «AMANAT TECH» республикалық хакатонына «AntyTox» командасы болып қатысты. 24.11.2023ж «AMANAT TECH» республикалық хакатонына жауапты мамандарынан 200 команда қатысып, тек 20 команда іріктеуден өтіп, сол 20 команданың қатарынан «Ғылым және Технология» факультетінің «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының «AntyTox» командасы II орын ұтып алды.

Astana Hub және Yessenov University қолдауымен 30.11.2023-03.12.2023 аралығында Хакатон және киберспорт тапсырысы бойынша «Kazak Tourism» ҰҚ АҚ және Shazam Media ұйымдастырған 3 күн бойы идеяларын жүзеге асырып 3-ші күні 02.12.2023 күні жобаларые қорғап командалар саны 11, барлығы 77 қатысушылар бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен ең мықты танылған 3 жоба жүлделі ақшалай орындар жеңімпазы атанды.

1 орын (1 500 000 тг) Yessenov University «Techies» командасы, 2 орын (1 000 000 тг) Yessenov University «Кубиттер» командасы, 3 орын (500 000 тг) Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы жеңіп, ақшалай жүлделерге ие болды.

Yessenov University студенті Өтебай Оралбай, Ғылым және технологиялар факультетінде «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, Бахрейнде өткен «Huawei ICT Competition 2023-2024» халықаралық байқауында Гран-приді жеңіп алды. Оралбай «Есептеу жолында» Қазақстан атынан қатысты. «Компьютерлік трек» бағыты бойынша Қазақстандық команда құрамында Yessenov University оқытушысы Гүлназ Сейітбекқызы жетекшісі Yessenov University, ҚБТУ, АЭжБУ студенттері болды. Huawei ICT таланттар байқауы Бахрейн политехникалық мектебінде өтіп, байқауға 11 елден (Қазақстан, Ирак, Оман, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Иордания, Ливан, БАӘ, Бахрейн, Кувейт, Катар) барлығы 20 команда қатысты. Yessenov University жанындағы Huawei ICT Competition 2023-2024 Middle East&Central Asia EXCELLENT ICT ACADEMY үздік деп танылды.

Байқау женімпазы ретінде Өтебай Оралбай Қытайда өтетін жаһандық байқауға қатысады, оған 500 жоғары оқу орнынан 20 000 студент қатысады. Алдағы уақыттарға сәтттілік тілейміз.

15 желтоқсанында Алматыда Huawei ұйымдастырған «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» марапаттау рәсімі өтті.

Біздің курстасымыз, яғни, Yessenov University Ғылым және технологиялар факультетінің «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4 курс студенті Утебай Оралбай медаль, сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» сертификатымен Huawei ICT Academy АКТ нұсқаушысы, IT-startup жетекшіміз Жилкишбаева Гүлназ Сейітбекқызы марапатталды.

Huawei халықаралық байқауының жеңімпазы Өтебай Оралбай Huawei Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының халықаралық сертификатының иегері атанды.

 ERASMUS+ «UXiship» жобасы аясында YU oқытушылар Еуропаның Германия және Рига қалаларына тәжиріби алмасу мақсатында іс сапарға барды. «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Жилкишбаева Гүлназ Сейітбекқызы сертификатпен марапатталды.

YU Uxi Ship (Erasmus) Халықаралық жобасы аясында, Гянджа қаласында «Әзірбайжан технологиялық университетінде» ұлт көшбасшысының Гейдар Әлиев 100 жылдығына арналған Халықаралық Ғылыми-практикалық конференциясында «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Жилкишбаева Гүлназ Сейітбекқызы қатысуда. Сәттілік тілейміз!

Yessenov University «ҒЫЛЫМ — МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ» атты ғылым апталығы аясында университет басшылығы мен Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасарына студенттер стартап жобаларының моделдерін, «Smart Bench», «Plastic bench» және «QR ECPS», ұсынды. Бұл жобаларды Yessenov University студенттер тобы жобалап, жүзеге асырды. Стартап-жобаларды әзірлеу кезінде, топ мүшелері әлеуметтік және іскерлік қарым-қатынастарын дамыта түсті. Топтық жұмыс, жеке еңбекті қажет ететін міндеттерге қарағанда, адам қоғамның бірлігі ретінде біртұтастығы мен кейінгі өнімділігінің өсуіне көбірек ықпал етеді.

«Инновациялық Жобалар Мен Идеялар» байқауының ғылыми кеңесінде Есенов Университеті қорытындыларын шығарып, жобаларды жүзеге асыру үшін Есенов Университетінің өз қаражатынан қаржыландыруға рұқсат алған ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ құттықтайды:

  1. «QR ECPS» жобасы (6В06102 – «Computer engineering» және 6В06103 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын «Ғылым және технология» факультетінің 1 және 3 курс студенттері Асанұлы Аманжан, Олжабай Азат, Мұхтарбеков Бекжан, Исенаманов Рауан).
  2. № 7624 пайдалы модельге патент алған «Ақылды Орындық» жобасы (Ғылым Және Технология Факультетінің 3 курс студенттері Эльмира Қанатова, Сымбатklасова, Нұрлыбек Сатыбалдиев).

Жоба жетекшісі: Информатика Кафедрасының Аға Оқытушысы Жилкишбаева Г. С.

Студенттер бизнесмендермен кездесу, бизнес-жаттықтырушылармен жобаларды талдау, «Экономика» кафедрасының оқытушы – тәлімгерлерінің алдында қорғау, Ақтау қаласы Кәсіпкерлер кеңесінің, «Атамекен» КП, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының, университеттің Есенов зерттеу кеңесінің сарапшыларының алдында питчинг сияқты үлкен жұмыстар атқарды.

20.02.2024 ж. күні «Ғылым және технологиялар» факультеті, «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Demo day» стартап жобалар байқауы өтті. Байқауға 17 команда қатысты,  оның ішінде «Computer engineering» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студент Капулер Дмитрий, қазіргі уақытты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде оқып жатыр. Байқауға қатысушылар IT технологияларды қолдана отырып еліміздің өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру бойынша басым міндеттерді шешуге бағытталған стартап жобаларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Үздік деп танылған 9 команда наурыз айында университет деңгейінде өтетін шарада өз жобаларын қорғайды.

Белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

@yu_uxiship жобасының аясында Естурлиева А.И және Жилкишбаева Г.С жобаның белсенді студенттері мен бірге Алматы қаласында @almau_edu университетінде семинарға қатысып жатыр.

6B06102 — Computer engineering, 6B06103  Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар 06-10.11.2023 күндер аралығында Алматы қаласында Эрасмус+ «Accelerating ICT students’ Start-Up development competence via interdisciplinary modular courses in the HEl curricul» (UXiship) жобасының шеңберінде өтетін семинарға Қостанай қаласы А.Байтұрсынов атындағы университет студенттерімен бірге катысып жатыр.

20.02.2023 жылы Алматы қаласында AlmaU университетіне @almau_edu Эрасмус + «Accelerating ICT students startup development competence via interdisciplinary modular courses in the HEI curricul» (Uxiship) жобасы аясында «It-StartUp Crash Course» атты семинарға қатысуға Yessenov University Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, координатор Ш.О.Мендалиева, «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, жетекші Г.С.Жилкишбаева, «Computer Engineering» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1,3 курс студенттері Э.Ғ.Қанатова, Б.Ф.Мухтарбеков, Р.Е.Исенаманов жобамен іс-сапармен келдік. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінен келген студенттермен бірлесіп командалық жұмыс жасадық. “Цифрлық технологиялар” мектебінің @sdt_almau деканы Қуаныш Абишев қарсы алып, ұжымдастарымен университет қабырғасына таныстыру жұмыстарын жүргізіп, Python бағдарламасы бойынша құнды кеңестермен бөлісті.