Шетелдік ғалым Мартынюк Анна Вадимовна магистранттарға баяндама жасады.

      21.12.2022 күні «Ғылым және технологиялар» факультетінің «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасында магистранттар ғылыми-зерттеу жұмысын қорғады. Украина елінен Мариуполь мемлекеттік университетінен шақырылған техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мартынюк Анна Вадимовна да қатысты, магистранттарға киберқауіпсіздік бойынша кеңес берді. Сонымен қатар  Мартынюк Анна Вадимовна «Ғылыми зерттеулердегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дегеніміз не, студент ғылыми жарияланымдар үшін ақпарат қалай іздей алады, қандай мәліметтер базасын қолданады және әдебиеттер тізімі қалай жасалатыны жайлы айтты.

Leave a Reply