«Педагогика» факультетінің тарихы

1996 жылы Атырау педагогикалық институтының Ақтау филиалы Ақтау политехникалық институтымен бірге Ш.Есенова атындағы Ақтау университеті құрылды. Биыл факультет ғылым және технологиялар факультеті болып өзгертілді. Факультет деканы К.Қ. Макулов.

2001 жылы педагогика факультеті құрылды. Әр жылдары факультеттер декандары қызметін С.С. Исабаева, Л.Д. Диярова, Б.Б. Сүлейменова атқарды.

2005 жылғы 13 мамырда университет ректорының №51 1/56 КСК бұйрығымен «Педагогикалық» институт құрылды. Осы жылдар ішінде институттардың директорлары А.А.Орынбаев, Т.А.Ботағариев болды.

2009 жылдың 1 қыркүйегінде ректордың NoКНтс-3/143 бұйрығымен Педагогика институты «Педагогикалық технологиялар институты» болып өзгертілді. Институт директорлары Нурмухаметова Р.А., Ахметов А.К., Кошимова Б.А.

2013 жылы ректордың бұйрығымен Педагогикалық технологиялар институты педагогика факультеті болып қайта құрылды. 2013 жылдан бастап факультет деканы – Б.А.Кошимова.