Ә.Кекілбаев романдарындағы шешендік дәстүрдің бейнеленуі
МНКЯЛ-18-1 тобының магистранты Түгелбай А.А
Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., кафедра профессоры Қабылов Ә.Д
Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: Ә.Кекілбаев романдарындағы қазақтың шешендік дәстүрінің бейнелену жолдарын, би-шешендер образының сомдалуы мен қаламгер тіліндегі шешендік амалдардың идеялық-көркемдік ерекшеліктерін зерделеу.
Міндеттер:
- Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдарындағы шешендік дәстүрдің суреттелуін, идеялық-көркемдік сипаттарын қарастыру;
- Романдардағы би-шешендер образдарының сомдалу ерекшеліктерін пайымдау;
- Жазушының суреткерлік шеберлігін қазақтың шешендік дәстүрі аясында қарастырып, болмысты көркем бейнелеу ерекшеліктерін зерделеу;
- Қаламгердің суреткерлік шеберлігіндегі дәлмарлық-шешендіктің маңызына баға беру.