Биология БББ магистранты Жеткізген Аян Абидоллақызы Маңғыстау облысы әкімінің ұйымдастырған “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантының иегері атанды.
Ол өзінің ғылыми жұмысының бағытына сәйкес оқушыларымен үздіксіз айналысып жүрген жылыжай жұмыстарын одан әрі жандандырып,тропикалық бағыттағы өсімдіктер өсіруге бағытталған “AGRO-ROOM” зертхана жобасын ұсынды.